Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет144/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жеке-жеке  әзірленіп  келген.  Біреу  емтиханға  біліп  кірсе,  біреулер  оқытушы 

алдына тек «құдайға тапсырып» қана баратын болған. 

Мен  қыздарға  сабаққа  бұдан  былай  бірлесіп  әзірлену  керектігін  айттым. 

Әсіресе,  нашар  қыздарды  жақсы  оқитындарымыз  екі-үштен  өз  тобымызға 

алайық дедім. Осыған келістік. 

Меңтай, Майра және мен үшеуміз Зайкүл, Сақила сияқтыларды қамқорлыққа 

алдық. 


Сөйтіп,  осылай  үш  топқа  бөлініп,  кейде  үш  топ  бірлесіп,  бірігіп  кетіп, 

таңертеңгі  сағат  төрттен  тұрып  алып,  тынбастан  даярланып  жүрдік.  Кейде 

бізге  өз  беттерімен  әзірленетін  әлді  деген  қыздар  да  қосылатын  болды. 

Бірте-бірте қыздардың емтиханнан еңіреп шығуы тоқтала бастады. 

Сондай  емтиханға  әзірлік  күндерінің  бірінде  біз  Калинин  көшесі  жақтағы 

жатақхана жанындағы төбешік басында, қалың ағаш көлеңкесіндегі көк шөп 

үстіне  одеялдарды  жайып  тастап,  кезектесіп  конспект  оқысып,  білгенімізді 

бір-бірімізге  ауызша  айтысып,  сарылып  ұзақ  отырдық.  Бір  кезде  Меңтай 

ұсыныс жасады. 

–  Ағай,  шаршап  кеттік  қой,  демалайықшы.  Бізге  көңіл  сергітетін  басқа  бір 

әңгіме айтып беріңізші, – деді маған қарап. 

– Не айтайын? – дедім мен сәл ойлана түсіп. 

–  Ойбай,  қыздар,  –  деді  Жомартбек  жерден  жеті  қоян  тапқандай  ентігіп, 

сонысымен  қыздарды  одан  сайын  ынтықтыра  түсіп,  –  мұның  соғыс  кезінде 

бір қызбен үш күн бірге жатқан әңгімесі бар. Соны айтсын, өте қызық. 

–  Оны...  –  деп  Меңтай  күмілжіп  қалды.  Содан  соң  менің  көңіліме  бірдеңе 

келіп қалды деп ойлады ма, ренжір деді ме, сөзін қайта жалғады. – Лайықты 

десеңіз айтыңыз. 




150 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет