Әдеби KZ
– Неге? – дедім тағы одан сайын сасқалақтап.
– Неге екенін айтайын қазір. – Әдеби қызметкер шалқая отырып, сұқ
саусағымен менің қолжазбамның тақырыбын түртті. – Мынау не деген сөз,
ah!
– «Тоғжан», – дедім мен әдеби қызметкер менің жазуымды ажырата алмай,
әлде көзі жетіңкіремей отыр екен деп ойладым.?????????
– Ол кім, аһ? – Шалдуар маған тесіле қарады.
– «Ақын» романының кейіпкері.
– Онда сол роман жайында ғой мұның, ah?
– Иә, бірақ?
– Бірағыңды қоя тұр. Мұның романға рецензия болса, онда бізге керегі жоқ.
Өйткені ол туралы бізде профессордың рецензиясы шыққан. – Шалдуар сұқ
саусағын шошайтты.
Онысы «сен студент ғанасың, ал біз профессорлардың өздерімен істеспіз»
дегені-ау деп ұқтым. - Ал бұның роман туралы, немесе соның бір кейіпкері
туралы әңгіме болса, оның не қажеті бар бізге? Сен Әуеновтен артық жаздым
деп ойлайсың ба өзің?
– Жоқ, бірақ, бұл тек Тоғжан туралы ғана емес...
– Тоқта, тоқта, – деді Шалдуар. – сен алдымен менің сұрағыма жауап бер.
Әуеновтен артық жаздым деп ойлайсың ба өзің, аһ?
– Жоқ, – дедім мен.
– Ендеше мұны газетке басудың қажеті де жоқ, – деді қызметкер.
– Сонда да, алдымен өзіңіз оқып көрмейсіз бе? - дедім мен дағдарып.
133
Достарыңызбен бөлісу: |