Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет125/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қасында  алдындағы  қағазына  қарап,  бірінің  айтқанын  бірі  тыңдамай,  өз-

өзінен екілене сөйлеп отырған бір-бір еркек. 

Еркектердің ауыздары жыбырлаған сайын келіншектердің ақ саусақтары, су 

бетіне  секіріп  ойнаған  ақ  қайрандай  боп,  жарқ-жұрқ  етеді.  Әйелдер  де, 

еркектер  де  өз  екпіндеріне  өздері  апиын  ішкендей  елтіп,  екі  жақтарына 

кезек теңселеді. Бақсам, ол машбюро екен. 

Онымен  қатарлас  есігі  ашық  екінші  бөлмеден  дүңкілдеген  және  бір  дыбыс 

естілді. 

Қарасам, ішінде ешкім жоқ. Жаңағыдай тапалтақ үстелдің үстінде тұрған бір 

машинка  тарс-тұрс  етіп,  өзінен-өзі  басылып  жатыр.  Одан  біртіндеп  еденге 

қарай  сусыған  молотилканың  көш  құлаш  белбеуіндей  ұзын  сары  қағаз 

төгіледі.  Бұл  телетайп  бөлмесі  екен.  Сол  жақтағы  есігі  ашық  тұрған  басқа 

бөлмеге және көзім түсіп еді: қатар тұрған екі үстелдің басында алдарындағы 

қағаздарына  еңкейе  түсіп,  сырылдата  жазып,  үш  адам  отыр  екен.  Олар 

маған,  неге  екенін  білмеймін,  бір-бірімен  үзеңгі  қағысып,  танаулап  келе 

жатқан  үш  сәйгүліктің  жалдарына  бұқшия  жабысып,  әрқайсысы  өз  атына 

қамшы  басқан  үш шабандозға  ұқсап  кетті.  Осының  бәрі  маған  лыпып  соғып 

тұрған  тамырдай  сезіліп,  редакция  жұмысының  ішкі ырғақ,  екпінін  танытты. 

Ақыры, дәліздің ең түкпіріндегі іздеген есігіме де жеттім. Онда былай деген 

жазу бар екен: 

«Әдебиет және өнер бөлімі. Меңгерушісі М. Омаров. 

Әдеби қызметкер Ш.Шалғынбаев». 

Есікті қағып едім, бұл бөлмеде біреу менің келуімді асыға күтіп отырғандай-

ақ,  табан  астында,  «Да»  деп  бұрқ  ете  түскен,  сыпайылықтан  гөрі  сызы  көп 

тырнауық дауыс естілді. 




131 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет