Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет122/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ыбырайым,–деді  профессор  деканның  орнына  жайғасып  жатып,  –  мен 

өзіңді  жақсы  декандардың  бірі  санаушы  едім.  Бірақ  мынау  ісіңді  құптамай 

қалдым. 


– Не боп қалды, Мұха? – деді декан оған қарай еңсеріле құлағын тосып. 

–  Мынау  Ербол  деген  жігіт,  –  деді  профессор  босағада  түрегеп  тұрған  мені 

нұсқап,  –  табандатқан  төрт  жыл  соғыста  болып,  осы  тұрған  шағын  бойымен 

ер  шыдамас,  нар  көтермес  жүк  көтеріп,  жауды  жеңіп  келген  асыл 

азаматтардың  бірі.  Осы  жігіт  соғыстан  қайтып  келе  жатып,  туған  жеріне  де 

бармастан, осы біздің университетте оқуда қалған. 

Мұны өзің қабылдапсың, оның дұрыс болған. Бірақ осы жігіт үш айдан бері 

туысы  емес,  танысы  емес,  соғыста  бірге  болған  жолдасының  тар  үйін  сол 

үйдің  көп  жанымен  қосылып  мекен  ететін  көрінеді.  Танымайтын  беталды 

біреу бұл жігітке босағасынан орын бергенде өз үйі сияқты университет неге 

жатақханадан орын бермейді? 

–  Ойбай,  Мұха,  –  деді  декан,  –  қазір  жатақханада  орын  жоқ.  Бұл  жігіт  сол 

тұрған  үйінде  биылша  бірдеңе  ғып  шыдап  шықсын.  Алдағы  оқу  жылында 

жатақханаға қайтсем де орналастырайын. 

– Пәлі, со да сөз бе екен? – деді профессор түсін бірден суыққа сала сөйлеп. – 

Орын неге жоқ? Жатақханаға жайғасып алған, өздері соғысқа бармаған, жай-

күйлері  жақсы,  көк  жаға  күйлі  студенттер  бар  емес  пе?  Немесе,  ана  нашар 

оқитын студенттеріңнің бірін жатақханадан шығарып жібер де, орнын осыған 

бер. 

– Ол болмайды ғой, Мұха, – деді декан сасқалақтап. 




127 

Әдеби KZ 

– Болмаса мен ректорға барамын. Бұны қайткенде де болдыру керек. Біздің 

осы  болымсыздан  қол  жетпейтін  биік,  көш  өтпейтін  шыңырау  жасап 

алатынымыз жаман. 

Әйтпесе қол астында үш жүздей студенті бар деканға жатақханадан бір орын 

табу қиын болып па? 

–  Ойбай-ай,  Мұха,  сөзіңіз  өтіп  кетті.  Мен  бұл  жігітті  қайтсем  де  бірдеңе  ғып 

орналастырайын, – деп декан маған бұрылды. - Фамилияң кім, қарағым? 

– Есенов, – дедім мен. 

Декан менің фамилиямды жазып алды. 

– Бүгін лекциядан қайтарыңда маған соға кет.  Оған дейін коменданттармен 

хабарласып, бір нәрсе істеттірейін, шырағым. 

– Е, пәлі, – деді Әуенов қайтадан жадырап. – Жөн істедің, Ыбырайым. Бұл өзі 

қамқорлық жасауға тұратын жігіт. 

Мен деканға да, профессорға да рақмет айтып, қуанышым қойныма сыймай, 

деканаттан шықтым. 

Ертеңінде  мен  жатақханаға  көштім.  Виноградов  көшесіндегі  үйдің  екінші 

этажындағы  65  бөлмеге,  Жомартбектің  қасына  орналастым.  Төсек-орын 

жоқтықтан, әзірге ол екеуміз бірге жататын болдық. Сөйтіп, менің екі ыстық 

тілегім  бірден  орындалды,  жатақханаға  жайғастым,  Меңтайдың  жанына 

жақын  келдім.  Сүйген  қызыңды  сыртынан  жиі  көріп  жүрудің  өзі  бақыт  қой, 

шіркін! Бұл бақыт енді менің жүрегімді күн сайын кернеп, оны үрген шардай 

тырсылдата керіп, жұқартып бара жатты. 

 



128 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет