Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет121/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сен  сияқты  болашағы  бар  журналистің  газетке  жарияланып,  көріне  беруі 

абзал. Ал мына тырнақ алды еңбегің ұялмай жариялануға әбден жарарлық. 

Сенің мұны қысылмай ұсынып, газеттің қымсынбай басуына болады. 

Әуенов  маған  редакцияға  баруымды  мәслихат  етіп  бола  бергенде, 

лекцияның  біткенін  паш  етіп,  қоңырау  шылдырады.  Мен  өзімнің 

аудиторияда сабақта отырғанымды сонда бір-ақ білдім. Аудиторияда Әуенов 

екеумізден басқа жандардың барын да енді аңғардым. 

Әуенов  тұруға  ыңғайланып,  алдында  жатқан  папкасын  жиыстырып,  үстел 

үстіне қырынан ұстап отырды да, тағы бірдеңе айтқысы келгендей, асықпай 

менің бас-аяғыма қарады. 

–  Солдат  студенттің  жайы  басқалардан  гөрі  ауырлау  болады.  Сен  өзге 

жұрттан  кейінірек  келдің  ғой,  Ербол,  жатақханаға  жайғасып  па  едің?  –  деп 

сұрады. Мен жатақханадан орын тимей, пәтерде жатқанымды айттым. 

– Ал, өзге жайларың дұрыс па? 

– Дұрыс, – дедім мен. 

–  Онда  қазір  менімен  бірге  деканатқа  жүр,  сенің  жатақхана  жайыңды 

сөйлесейік. 

Мен  қуанып  кеттім.  Жатақхана  жалына  қол  жетпес  жақсы  арғымақтай 

арманым еді. 

Орнымнан атып тұрып, Әуеновтың соңынан ілестім. 

Декан өз орнында отыр екен. Есіктен кіріп келе жатқан Әуеновты көріп, ұшып 

тұрып  оған  өз  орнын  берді.  Бас  изеп,  менімен  де  сәлемдесті.  Бұған  менің 

ішім одан сайын жылып, үмітім күшейе түсті. 




126 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет