Әдеби KZ
жүректі наздана қытықтады. Жаралыға үміт болып, шаршағанға қайрат берді.
Қараңғы түнде алыстан маздаған от, аспандағы шолпандай болып, Тоғжан
оларды атой салып жеңіске шақырды, өмірге жетектеді.
Соғыс бітті. Эшелон-эшелон қызыл вагондарға тиеліп, солдаттар туған елге
қайтты. Жеңіс поезы желдей жорықпен өткен, соларды азат ету үшін қан
төгіп, қиян-кескі ұрыс салған қалалар мен селоларға, ормандар мен
шоқыларға, өзендер мен көлдерге қарайды. Сол жерлерде мәңгі ұйықтап
жатқан ер жолдастарын естеріне түсіреді.
– Апырай, бұл соғыстан тірі қаламын деп ойлаған жоқ едім, - дейді жездей
сары мұртты, кәрі солдат қасындағы сержантқа бұрылып, басын шайқап. –
Ажалсызға тау құласа да өлмейді деген осы екен-ау...
Сары мұртты солдат баяғы Өсенов. Оның қасында тұрған сержант Ризуан
Қалиев.
Қалиевтың кеудесі ордендер мен медальға толы. Өсеновтың де кеудесі құр
емес, қос медаль жарқырайды.
Сержант та кәрі солдатқа күле қарайды. Баяғыда Алматыдан алғаш майданға
аттанған шақ есіне түседі. Сондағы осы шалдың бүкіл вагон ішіндегі жұрттың
жүрегіне қаяу салып, шерлене күрсінуі бар. Солдаттарды сол сәттегі шер
тұңғиығынан шығарған Айтқали болып еді-ау. «Жоқ, туған жер қалған жоқ,
ол бізбен бірге, мына кітаптың ішінде» деп, жарқ етіп шыға келіп еді-ау,
айналайын... Айтқалидың өлген жерін есіне алып, сержанттың қабағы
шытынып кетті. Жалғыз Айтқали ма, талай-талай маңғаз жігіт, аяулы
азаматтарды мерт қылып кетті ғой бұл соғыс. Сержант Нәсіп Қалиев, кіші
сержант Әбдірахман Бимурзин, жауынгер Сембек Молдабаев кімнен кем
еді? Взвод командирі лейтенант Қажым Көшеков, батарея командирлері
Жамалхан Жамалбеков, Ақыраш Андиров, подполковник Әбілқайыр
123
Достарыңызбен бөлісу: |