Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет116/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

үзбестен  хат  алып  тұратын.  Селолық  Советтен  хат  келген  сайын  қуанып, 

жолдастарына  сүйген  қызы  жайында  көп-көп  жалынды  әңгімелер  шертетін. 

Заданың  сұлулығын  да,  сабырлылығын  да  бір  ғана  Тоғжанмен  теңестіретін. 

«Тек  Заданың  құлағында  «діріл  қағып,  дамыл  алмай  сілкіне  түсіп  тұратын» 

сырғасы ғана жоқ» деп қуана да, қулана күлетін. 

Хат ішінде Айтқалидың маржандай әріптерімен мынадай сөздер жазылыпты: 

«Қалқам  Зада!  Біз  қазір  үлкен  бір  орыс  қаласының  түбіндеміз.  –  Айтқали 

әскери  құпияны  сақтап,  Великие  Луки  қаласын  осылай  атапты.  –  Жау  осы 

қалаға  аранын  ашып,  анталап  тұр.  Бірақ  біз  оны  бермейміз  жауға.  Оған 

сенімің кәміл болсын. 

Қазір  түн.  Мен  жертөледе  дневальныймын.  Жолдастарым  жанымда  тегіс 

тынығып жатыр. 

Олар тоңбай жақсы ұйықтасын деп, темір пешке өкіртіп от жағып отырмын. 

Далада  шыңылтыр  қарды  шықырлата  басқан  сақшы  аяғының  сықыры 

естіледі.  Жертөленің  сыртына  немістер  жақтан  келіп  бір  мина  жарылды. 

Қорыққанға  қос  көрінеді  деген  рас  болуы  керек.  Немістердің  түні  бойы 

осылай  түсінен  шошығандай  беталды  оқ  атып  отырмаса  көңілдері 

көншімейді. Сен одан қорықпай-ақ қой, мұнда құр далбаса үшін атылған жау 

оғының маған да, менің жолдастарыма да келтірер қырсығы жоқ. 

Сен қазір ұйықтап жатқан боларсың. Мен пешке шайыры мол құрғақ ағашты 

қалап  қойып,  снаряд  гильзасынан  жасалған  солдат  шамының  түбінде  кітап 

оқып  отырмын.  Ол  сен  туралы,  екеуміз  жайында  жазылған  кітап.  «Ақын» 

романы.  Соның  «Бел-белесте»  деген  тарауының  аяқ  жағында  Абай  мен 

Тоғжанның  екінші  рет  кездесуі  баяндалады.  Екі  досжан  әрең  табысып,  бір-

біріне  жүректерін  жайып,  ынтыға  ұмтылысқан  шақта  оларға  Қарауыл  өзені 

тасып  кетті  деген  суық  хабар  келеді.  Бұл  Абайға  да,  Абай  жанындағы 



121 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет