Әдеби KZ
аталатын, сырты тақталана бөлінген шоколад сияқты бұжыр-бұжыр екі
граната жатыр.
Солардың арасында, жорықтағы солдаттың ешқашанда пайдаланылмай
қапшығында жүретін таза бет орамалына оралған «Ақын» кітабы бар.
Айтқали орамалдың ішінен кітапты алып, оның өзі білетін «Шытырман»
деген тарауын ашып, тамағын кенеп, қарлығыңқы даусын нәшіне келтіріп,
оқи бастайды. Айтқалидың қолындағы кітапты көргеннен кейін бұлардың
төңірегіне таяу маңдағылардың бәрі тегіс жиналады.
Зеңбіректе жегулі тұрған аттың шылбырын қолына ұстап, Өсенов те
Айтқалидың артына келіп жантаяды.
Тараудың бас жағы әкесінің жұмсауымен жасөспірім бозбала Абайдың
Сүйіндік аулына келгенін, оның көрікті, ақылды қызы Тоғжанды көріп, оған
ғашық болатынын баяндайды.
Айтқали тамағын тағы бір кенеп алып, ары қарай оқиды.
«...Орташа келген қырлы мұрны енді ғана анық көрінді. Қырынан Қарағанда
бір түрлі сүйкімді екен. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір
толқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шаш, қап-қара
қалың өріммен, грекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де,
кіші де емес әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр...»
– Уап, бәле!
– Қызым-ақ екен-ау өзі де! - деп әркімдер осы тұста сүйсіне үн қатысып
қалады.
– Е, Абайды өзіне ғашық еткен қыз осал болады дейсің бе?!.
Өсенов жез мұртының ұшын ширатып жіберіп, ақырын бір жұтынып қояды.
Ұзақ сапар шегіп, шаршап-шалдығып келе жатқан жандардың езулеріне
119
Достарыңызбен бөлісу: |