Әдеби KZ
аттанып бара жатқан осынау сұсты солдаттардың жүрек қылын басып
қалғандай болды. Шал айтқан туған жерде әркімнің жанашыр жақыны,
жақсы көрер жандары қалып барады. Біреу қарт әке, қадірлі анасын еске
алады, біреудің көз алдына жақсы жар, жас баласы келеді. Енді біреудің
жүрегіндегі жар етем деген жанына қосыла алмай кеткен арман-зары
запыран болып ақтарылады. Шал сөзі әр жүректің түкпірінде жатқан осындай
мұңды сырдың пернесін басады.
Әлден уақытта:
– Жоқ, қалған жоқ. Ол бізбен бірге! – деген, саңқ еткен бала бүркіт үніндей,
жігерлі жас дауыс естілді. Бұл зеңбіректің екінші көздеушісі Құсайынов
Айтқали деген жауынгердің үні еді. Айтқали қараңғы бұрышта отырған
орнынан тұрып, шамға таман жақындады. – Туған жер мына кітаптың ішінде.
Ол жұртқа сол кезде баспадан жаңа ғана шыққан, өзі Алматыдан аттанар
алдында вокзал басында сатып алған «Ақын» романының алғашқы кітабын
көрсетті. Жауынгерлер тез, қуатты үлкен магнит тартқан көп ұсақ шегедей
болып, Айтқалидың айналасына жиылды. Вагондағы жалғыз жарық соның
алдына қарай итерілді.
Бір табадан ыстық күнде шүпірлей су ішкен ақ үрпек балапандай болып, қара
көлеңке вагон ішіндегі қайратты жастардың басы сол кітаптың үстінде түйісті.
Ішіндегі жандарды жылауық баланың бесігіндей үздіксіз шайқай тербеген
үлкен вагонның қабырғасына түскен үйме-жүйме көлеңке үздіксіз қозғалып
тұрды. Солдаттардың «Ақын» романын оқуы осылай басталды.
Алматыдан аққан жұлдыздай зымырап шұбала созылған ұзын қызыл эшелон
Москваға келді де, қазақ бригадасы астана түбіндегі Бабушкин деген қалада
поездан түсті. Мұнда біраз жатып, тыныққаннан кейін, жауынгерлер қалың
тоғайлы, көкшіл көлді Калинин облысының жеріне қарай жаяу тартты. Өне
116
Достарыңызбен бөлісу: |