Әдеби KZ
– Жоқ, онда мен он минут қалдырайын. Сен оқығаннан кейін оны біздің
талқылауымыз бар емес пе?
Мен «жарайды» дегендей, басымды идім.
– Ал онда алдымен кітабыңды көрсет, Ербол, – деп профессор маған қарай
қолын созды.
Мен шапшаң қимылдап, сумкамдағы сырты жыртылып, жан-жағы жемтір-
жемтір боп кеткен «Ақын» кітабын алып, Әуеновке қарай аяңдадым.
Әуенов бағынышты командирден рапорт қабылдайтын генералдай боп,
орнынан көтерілді. Демобилизацияға жатып, еліне қайтатын солдат
бөлімнен кетер алдында қай жерінде қандай белгісі барын бес саусағындай
білетін кәрі винтовкасын жүрегі толқи дірілдеп рота старшинасына өткізер
еді. Мен де сол солдаттай болып, осыдан бес жыл бұрын Алматыдан
майданға ала кеткен осынау асыл кітапты енді, міне, аман-есен иесіне
тапсырдым.
Профессор, сәл сұрланғандай түспен, кітапты үнсіз қолына алды да, орнына
отырды.
Кітаптың сыртына көз жүгіртіп, жыртық мұқабаны қайта-қайта сипалап, ішін
ашты.
– Рас, біздің кітап, – деді басын ықыластана изеп қойып. Содан соң бір-
бірлеп, беттерін ақтарып қарай бастады. Бір кезде кітапты көтеріп, бетіне
тақады. – Пәлі, өзінен дәрі иісі шығады, иіскеңдерші...
Әуеновтың қасына ең алдымен Зайкүл жүгіріп барды. Ол кітапты ала салып,
дұғалықтай етіп бетіне басты да:
– Рас, мүңкіп тұр, – деді оқ-дәрі иісінің қандай болатынын сезбесе де.
113
Достарыңызбен бөлісу: |