Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет106/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Сол  көрпені  биыл  өзіммен  бірге  алып  келген  едім,  –  деді  қыз  күрсініп 

қойып. – Ол маған аса қымбат ескерткішпен пара-пар: ағайымды да, анамды 

да  есіме  түсіреді.  Кеше  кітап  арасынан  ағайдың  өлеңін  тауып  алып, 

оқығаннан  кейін  сол  көрпені  бауырыма  басып  қысып,  өксіп-өксіп 

жылағанымды айтсаңшы менің! 

Байқаймын, Меңтай әңгімесінің Жомартбекке онша әсері болған жоқ. 

Меңтай  сөзін  аяқтап,  мұңайып  төмен  қарап  қалған  кезде  ол:  «Мен  мына 

өлеңді көшіріп ала қояйыншы» деп, жымпыңдап өз орнына қарай жүгірді. Ал 

маған бүкіл бір семьяның тағдырын баян еткен бұл қысқа новелла дүниедегі 

ең қайғылы, қасіретті жырдай танылды. 

Не  айтарымды,  қызды  қалай  жұбатарымды,  жүрегімдегі  аянышты  қалай 

жеткізерімді  білмей  абдырап  отырып  қалдым.  Оның  көңілсіздігі  біртіндеп 

маған ауыса бастады. 

Студенттік  өмірдің  бейқам,  сонымен  бірге  аққан  судай  ағынды  күндері, 

өзінің  сылдыр-  былдыры  мол  қызық,  қуанышымен,  бірін-бірі  қуалап  өтіп 

жатты.  Мен  Әуеновке  берген  уәдемді  орындауға  бар  күшімді  салдым. 

Соғыста  бірге  аттанған  шағымызды  есіме  түсірдім.  Алматыдан  кетерде  мен 

магазиндерге  жаңа  ғана  түскен  «Ақын»  романының  бірінші  кітабын  тауып 

алған  едім.  Сол  кітап  бүкіл  майданды  менімен  бірге  аралап  шықты,  талай 

солдатты тамсандырып оқып беріп жүрдім. Бірақ бұл естелікті мақтанғандай 

боп  өз  атымнан  жазбайын,  басқа  жолдастарым  оқыған  етіп  баяндайын 

дедім. Сөйтіп мен ол кішкентай естелікті төрт күн жаздым. Естелігім Әуеновке 

ұнамай  қалар  ма  екен  деп,  жаным  мұрнымның  ұшына  келді.  Жазып  біткен 

соң оған «Тоғжан» деген ат қойдым. 



111 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет