Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет107/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Зайкүл  айтқандай,  жазушылардың  өз  шығармаларын  жақсы  адамдарына 

арнап  жататыны  ойыма  түсті.  Менің  бұл  ең  алғашқы  естелігімді  Әуеновке 

арнағым келді. Оң жақ шекесіне 

«Осы  образды  жасаған  жазушы  Мұхит Әуеновке  арнаймын»  деген  сөздерді 

қолымның  қалай  тез  жазып  жібергенін  де  байқамай  қалдым.  «Қой,  мұным 

тым  бадырайып  кетті  және  жазушыға  жасаған  жағымпаздық  сияқты  боп 

көрінер»  деп  ойладым  да,  оны  қайтадан  түзеттім.  «Осы  образды  жасаған 

кісіге  арнаймын»  деп  қана  қойдым.  Жексенбі  күні  үйде  табан  аудармай 

отырып, жазғанымды жақсылап көшіріп шықтым. 

Дүйсенбі  күні  отыз  үшінші  аудиторияға  бірінші  лекцияға  келген  профессор 

Әуенов,  бұрынғы  әдетінше,  самай  шашы  бұйра-бұйра,  сократ  маңдайлы 

үлкен  қасқа  басын  студенттерге  мол  ілтипат,  ықыласпен  изеп,  Оқытушы 

столының басына барып отырды. 

Профессор  есіктен  кірісімен-ақ  менің  жүрегім  өз-өзінен  лүпілдеп  қоя  берді. 

Орнына отырғаннан кейін Әуенов маған қарай бұрылды да: 

– Ал, Ербол, уәде орындалды ма? – деді. 

Мен Әуенов оны лекциядан кейін сұрайтын шығар деп, жайбарақаттау күйде 

отыр едім. 

Профессор  бірден  соны  сұрағанда  не  дерімді  білмей  сасқалақтап  қалдым. 

Әрең дегенде есжиғандай болып: 

– Өзімше орындадым, Мұхит аға, – деп орнымнан тұрдым. 

–  Пәлі,  жөн.  Әрине,  сенің  өзінше  орындағаның  керек  бізге,  –  оқып  беруіңе 

лекция аяғында қанша уақыт қалдырайын саған. 

–  Төрт-бес  минут  қана,  Мұхит  аға,  –  дедім  мен  дәптер  бетіне  жазылған  он 

шақты бетті оқиға қанша уақыт керек екенін ажырата алмай. 




112 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет