Әдеби KZ
жауынгерлер туған жерге жүректері елжірей көз тігеді. Қарт атадай ақ бас
тау, жас анадай жасыл желек жамылған орман, сары бел, салқын көл – бәрі
самаладай болып, бірінің соңынан бірі ұзап қалып барады. Өз алдына бір
шолақ эшелонға ұқсап, шеткі үйінің түтіні будақтаған ауыл, тепең - тепең
қаққан салт атты жолаушы, обадай қақшиып қалың қойдың шетінде тұрған
шопан жалт етіп бір көрінеді де, ғайып болады.
Күн батқанша дала бетіне үңіліп, көзі жасаурап талғанша көп қараған
адамның бірі салпы сары жез мұртты кәрі солдат, Талдықорған облысының
Ақсу аулынынан келе жатқан
Сәттіғұл Өсенов болды. «Сапта жүруге жарамаймын, көп тұрсам аяғым
талады, белім ауырады» деп, Өсенов зеңбірек атына мінуші болған. Осыған
орай бір солдат бағана:
«Сапта тұрса аяғы ауыратын көзелдің күні бойы қозғалмастан қызыл вагон
есігінің алдында қақшиуын» деп бір қағытып өткен. Оны естіген өзге жұрт
қатты бір ду күлісіп алған болатын. Жолдасының ажуасына да, жұрттың
күлгеніне де қарамастан Өсенов вагонның босағасына сүйенген күйі далаға
қарап тұра берген. Енді, міне жер бетін түннің қара мақпал шапаны бүркеп,
вагон ішінде майшамның жалғыз көзі сығырайғаннан кейін, Өсенов артына
бұрылып, шамды қоршай отырған жолдастарының қасына келді.
– Әттең, шіркін, қалды-ау, қайран туған жер! – деді ол отыра беріп, вагон
ішіндегілердің бәріне естірте. Аузынан қызыл жалын атқығандай шермен,
күрсіне айтты.
Шам айналасында, вагонның бұрыш-бұрышында, қара көлеңке жерде, төрт-
бестен бірігіп алып, әр жайды қоңыр әңгіме етісіп отырған жұрт Өсеновтің
мына сөзін естіген шақта тым-тырыс болысып, бір сәт үндеспей қалысты. Ат
айдаушы шалдың: «Қалды-ау, қайран туған жер!» деген шер сөзі майданға
115
Достарыңызбен бөлісу: |