Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет124/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

кетпей жүр екен?» деп және ойладым. «Тегі жазушы парасаттылығы жазған 

дүниесі  жақсы  болған  сайын  шошаңдап,  шоршаңдап  кеуде  қағуда  емес, 

сабырлы, салмақты бола түсуде шығар» деп тағы түйдім. 

«Сап-сап,  көңілім,  сап  көңілім»  деп,  бұл  ойыма  және  тұсау  салдым.  «Сен, 

немене,  дәл  бір  жазушы  боп  кеткендей-ақ  толғанып  келесің.  Саған  Әуенов 

жазушысың немесе өзің де дайын журналист екенсің деді ғой, – дедім өзіме 

өзім.  -  Ендеше  неменеге  ит  қуған  бұзаудай  боп,  екі  танауың  шелектей 

делдиіп, едіреңдеп келесің?» 

Үлкен  екі  көшенің  қиылысында  тұрған  үш  қабат  үйдің  биік  тас 

баспалдағының  алдына  кеп  тоқтадым.  Үйдің  маңдайшасы  толған  қызыл 

шаршы  шыныларға  республикада  шығатын  газет  аттары  қағазға  басылатын 

көзге  таныс  пішінімен  бедерленіпті.  Осында  келген  ең  негізгі  жұмысым 

сондай-ақ, мен тұра қалып, оларды шетінен оқи бастадым: 

«ҚазТАГ», «Советтік Қазақстан», «Советский Казахстан», «Жас ұлан»... 

Мен  іздеп  келген  редакция  да  осында  екен.  Жүрексініп  кеп,  тас 

баспалдақтың бірінші басқышына аяғымды салдым. 

Редакция  дәлізінің  екі  жағы  қатар-қатар  есік  екен.  Әр  есіктің  сыртында 

тақтайға  бұранда  шегемен  бекітілген  алақандай  Қызыл  шыны  тұр.  Шыныда 

әр  бөлімнің  аты  және  оның  меңгерушісі  мен  әдеби  қызметкерлерінің 

фамилиялары  көрсетіліпті.  Әр  қойдың  шабын  бір  түрткен  жетім  қозыдай 

болып, әр есікке бір үңіліп келе жатыр едім, алдымнан тасыр- тұсыр пулемет 

атылып қоя бергендей болды. Сөйтіп мен ашық тұрған бір есіктің алдына кеп 

қалған  екенмін.  Бөлме  ішіне  жағалай,  көлемі  кішіректеу  келген  біркелкі 

тапал-тапал  үстелдер  қойылыпты.  Әр  үстелдің  үстінде  бір-бір  машинка.  Әр 

үстелдің басында әлекедей жаланған бір-бір әдемі келіншек. Әр келіншектің 




130 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет