Әдеби KZ
журналист болуы мүмкін емес сияқты сиқырлы сөздің мәнін маған
түсіндірген болды. – Қаламақы деген ол гонорар деген сөз. Ал гонорар
дегенің қып-қызыл ақша. – Шалдуар өзінен өзі тамсанып, сықап салған
ақшасы сыймай тұрғандай, шалбары мен пиджагының қалталарын қайта-
қайта басып, сипап қойды.
– Түсінікті ме, аһ?
Шалдуардың осы бір «Аһ?» деген сөзі-ақ жүйкеме тиеді. Ол бұл сөзді «солай
ма, рас емес пе?» деген мағынада айтады екен. Бірақ ол мұны өкпесін
қабындыра аузынан қатты дем шығарып айтқандықтан, маған онысы
қаперсіз келе жатқан адамға тасадан «ап!» деп әлдебір қорқынышты нәрсе
тап берген сияқты боп сезіледі.
«Түсінікті» дегендей, мен басымды изедім.
– Ендеше кете бер, – деп Шалдуар телефонға қарай қолын созды.
Сөйтіп, тағы да Шалдуардан қайтып, адасып жүріп тікенек қалың қарағанның
арасынан әрең шыққан адамдай қалжырап, қарын ашып, жүрек қарайып,
бұрлығып, университетке, лекцияға келдім.
Университет алдында Меңтай кездесті.
– Ағай, сізге айтатын бір жаңалық хабарым бар, – деді Меңтай менімен
сәлемдескеннен кейін балаша жымиып, қуана күлімдеп. Жүрегім өз-өзінен
дүрсілдеп қоя берді.
Меңтай жайлап өзінің Пушкин атындағы кітапханадан келе жатқанын, онда
жаңа ғана жазушы Әуеновтың оқырмандармен кездесуі болып өткенін
айтты.
– Профессор оқырмандар алдында сөз сөйледі, – деді Меңтай. – Сөзінің
соңында ол біздің университетте соғыстан қайтқан, болашақта үміт
138
Достарыңызбен бөлісу: |