Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет157/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

уақытта ін аузынан Қарашекенің құйрығы, одан соң бөксесі  көрінеді. Сөйтіп 

ол  ін  ішінде  жатқан  түлкіні  тамағынан  тістеп,  шала  жансар  күйінде  алып 

шығады.  Содан  кейін  Лашын  мен  Қарашеке  біздің  ауылда  «қос  қыран» 

атанған-ды. 

– Лашын өліп қалды, – деді тәтем менің сұрағыма жауап беріп. Оның қалай 

өлгенін айтсам ба, айтпасам ба деп ойлады ма, сәл бөгеліп барып сөзін қайта 

жалғады. – Бүркітбай өлтірді. 

– Қалай? 

Әкем  соғысқа  менен  кейін,  қырық  бірінші  жылдың  қысында  алынған.  Одан 

соң әкемнің орнына Бүркітбай колхоз председателі болып сайланады. Әкем 

кеткен  соң  екі  ит  аңсырап,  кейде  өздері  далаға  кетіп  қалып  жүреді.  Кешке 

арсалаңдап келген екі итті көріп, көршілер: 

«Әй,  осы  екі  ит  бүгін  түлкі  алып,  далаға  тастап  келді-ау»  деседі  де  қояды. 

Келер қыста иесіз екі ит қатты жүдейді. Далаға аңсарлары ауып, ешкімге еріп 

шыға алмай қор болады. 

Бір  күні  Бүркітбай  ешкімнен  сұрамастан  үй  сыртында  жүрген  екі  итті  ертіп, 

далаға  алып  кетеді.  Ол  Лашынға  күні  бойы  екі  түлкі  ұстатады.  Кешке  қарай 

жүдеу,  арық  ит  үшінші  түлкіні  әрең  ұстайды  да,  қардың  үстінде  шөкесінен 

түсіп  жатып  қалады.  Күн  тез  суытып,  қатты  ызғырық  тұрады.  Үш  түлкі  алған 

Бүркітбай итке қарамастан ауылға қарай тартады. 

Итті алдына өңгеріп ала кетсе ештеңе жоқ. Лашын сол шөкесінен түскен бойы 

қозғалмастан  қатып  қалады.  Бүркітбайға  ілесіп  Қарашеке  ауылға  келеді. 

Ертеңінде ішіне шөп тыққан үш түлкінің терісі жалаудай желбіреп, Бүркітбай 

үйінің төбесінде тұрады. 



163 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет