Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет76/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қасиет  бар,  ағай.  Олар:  еңбекшілдік,  ақылдылық,  сұлулық.  Бойында  осы  үш 

қасиет  тегіс  бар  әйелді  төрт  құбыласы  түгел  әйел  деп  бағалау  абзал.  Ал 

соның  алғашқы  екеуі  ғана  табылса,  онда  соңғысынсыз  да  өмір  сүре  беруге 

болады.  Солай  емес  пе,  ағай?  –  Мен  әйелдердің  сұлулықты  өздеріне  ен 

бірінші қажет деп білетінін, сондықтан сиықсыз әйелдер де өздерін сұлумыз 

деп есептейтінін сезсем де, Меңтайдың еңбекшілдікті бірінші қажет деп біліп 

отырғанын  оның  келесі  сөзінен  ғана  аңғардым.  –  «Әдебиеттегі  еңбекші 

әйелдер бейнесі» десе, бір диссертацияға тақырып та болады екен-ау өзі. 

Қыз  осылай  деп,  сөзін  аяқтағандай  болды.  Бірақ  оны  мен  қайтадан 

жалғастырдым. 

–  Осы  тақырыпты  өзің  диплом  жұмысы  етіп  алып,  университет  бітірген  соң 

оны диссертацияға неге айналдырмайсың, Меңтай? 

–  Диплом  жұмысы  етіп  алуға  болады  ғой,  –  деп  барып,  қыз  жымиып  күліп 

алды. - Ал, диссертация қорғау менің қолымнан келмес. 

– Неге? 


– Анада оқытушы ағайдың осы жөнінде өжеттік, өлермендік деп екіге жіктеп 

айтқан  бір  өткір  сөзі  әлі  күнге  дейін  көкейімнен  кетпейді.  Ол  сөз  сіздің  де 

есіңізде болар, ағай? - деді 

Меңтай өзіне тән сыпайылығын берік сақтай отырып. 

Ия,  мен  оны  ұмытқан  жоқ  едім.  Өзімізге  құдайдай  көрінетін  ақ  маңдай 

қадірмен  оқытушымыз  лекция  үстінде  сөзден  сөз  шығып  кетіп  былай  деген 

еді:  «Бағдарлап,  барлап  қарасақ  осы  кезде  диссертация  түрлі  жолмен 

қорғалатыны  байқалады.  Бірі  -  ғылымға  келер  жастың  шын  бейімділік 

танытқан  анық  мақсатпен  қорғауы.  Екіншісі  -  ешбір  бейімі,  ғылымға  анық 

үлесі  жоқ  қара-дүрсін,  кейбір  адамдардың  күрпілдетіп  сиыр  сауғандай  етіп 




81 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет