Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет78/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жүрді. Хат алысып тұрдық. Оның ең соңғы хатын мен 1944 жылдың басында 

алдым. Сол хат әлі күнге дейін қалтамда жүр. Тыңдасаң оқып беремін. 

–  Оқыңыз,  ағай,  -  деді  Меңтай  әлденеден  қаймыққандай  бөгеле  сөйлеп.  - 

Бірақ өзіңізге ауыр болып жүрмесе... олай болса оқымай-ақ қойыңыз. 

– Е, адам басына түскен ауырлықтың бәріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де 

міндетті ғой. 

Әйтпесе, оның несі адам?– дедім өзімді-өзім қайрағандай болып. Содан соң 

орнымнан  тұрып,  Меңтай  шифоньерінің  есік  жақ  сыртындағы  темір  шегеде 

қабырғаға ілген қасқырдың терісіндей жер сыза салақтап тұрған шинелімнің 

ішкі қалтасынан су өтпейтін жылтыр қағазға оралған хаттарды алдым. Бөлме 

іші қара көлеңке тарта бастаған еді. 

Меңтай да менімен ілесе орнынан тұрып, есіктің екінші жақ қабырғасындағы 

қара  тиекті  бұрап,  төбе  шамды  жақты.  Мен  орныма  отырып,  Сәлиманың 

хатын  оқуға  кірістім.  Меңтай  жаңағы  жерге  «Одиссеяны»  шынтақтай  қайта 

жайғасып, бейтаныс қыздың әр сөзін барынша зейін қоя тыңдап қалды. 

Мен  онда  дәптердің  алты  бетінің  асты-үстін  толтыра  ұзақ  жазылған  хатты 

Меңтайға түпнұсқадан оқып берген едім. Енді оны сізге жаттап алған тақпақ 

сияқты  етіп,  ауызша  айтуыма  тура  келеді.  Егер,  менің  қолыма  қарамай,  сәл 

қырындау отырсаңыздар, онда түпнұсқадан оқылған хатты тыңдағандай әсер 

алуларыңыз да мүмкін. Ал, бастаймын не де болса. 

«Жаным Ербол! 

Менің  сені  шексіз  сүйетінімді  білесің.  Өзім  де  сен  дегенде  шығарда  жаным 

ғана  басқа  шығар  деуші  едім.  –  Бұрынғы  хаттарының  бәрінде  Сәлима 

алдымен  менің  амандығымды  сұраушы  еді.  Содан  соң  есен-сау  бола 

беруіме, жауды тез жеңіп қайтуыма тілектестік білдіретін. Ит қуған адамның 




83 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет