Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет86/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бұл  Сәлиманың  сізге  жазған  хаты  ғой,  –  деді  арамыздағы  біраз  үнсіздіктен 

кейін Меңтай. 

– Иә. Қыздың көмейіне оның ар жағы не болды деген сұрақ та келген болар. 

Бірақ  ол  енді  ләм  демеді.  Басталған  әңгіме  аяқсыз  қалмайтынын  біліп, 

әліптің артын бағып, үнсіз отыра берді. 

– Енді ар жағын айтайын ба? – дедім қызға қарап. 

Меңтай басын изеді. 

Бір хатты оқып шыққаннан кейінгі менің жайым еркек қауымының бәріне де 

түсінікті ғой. 

Көзге  көрінбейтін  әлде  бір  алып  қол  мені  желкемнен  қапсыра  ұстап  алып, 

біресе  ашқазанда  бұрқ-сарқ  қайнап  жатқан  ыстық  суға  малып,  одан  соң 

сақылдаған сары аязда мұз ойыққа батырып алғандай болдым. Сол күшті қол 

мені осы бір ыстық, бір суыққа кезек сүңгітіп суырғанға ұқсады. Біресе денем 

от боп күйіп, артынша мұздап қоя береді. 

Өне бойым қалш-қалш етіп бүрісіп, Бальзактың былғарысындай кішірейіп бір 

жапырақ боп бара жатқан сияқтанамын. 

Қойшы, не керек, сонымен ол кезде күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдым. 

Сәлимаға  не  деймін,  не  деп  жауап  беремін  деп  қиналдым.  Оны  ойлағанда 

қолымдағы  мылтығымның  сусып  қалай  жерге  түсіп  кеткенін  де  аңғармай 

қаламын. Бүркітбайға бар деуге Сәлиманы қимаймын, Сәлимадан айырылып 

қалсам,  енді  ешқашанда  маған  ондай  жақсы  қыз  кездеспейтіндей  көрінеді. 

Ешкімге  барма,  өзімді  тос  дейін  десем,  өлермін  деп  ешқашанда 

ойламағаныммен,  анық  тірі  қаларыма, осы  күнгідей  он  екі  мүшем  сау  аман 

келеріме  және  көзім  жетпейді.  Өлі  болам  ба,  тірі  қалам  ба  –  онда  шаруаң 

болмасын, тек мені тос деп эгоистік жасауға тағы да арым бармайды. 




91 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет