Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет82/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осылай  деп  шешем  дауыс  айтып  отырып  алды.  Бір  жағынан  сені  аяп,  бір 

жағынан  шешемді,  он  беске  кеп  қалған  сіңлім  Сәния  мен  он  жасар  інім 

Әскержанды аяп, екі оттың ортасында қалғандай, дал болдым. «Апатай, бұл 

әңгімені жазға қалдыр» деп тан атқанша жылап, жатып алдым. 

Бүркітбаймен  ақылдасты  ма,  әлде  өзі  жібіді  ме  білмеймін,  ертесінде  кешке 

шешем  осыған  көнді.  Жазғы  каникулға  шыққанымда  мені  Бүркітбайға 

қосатын  болды.  (Ал  өзім  Бүркітбайды  алғаш  келіп,  амандасып  кеткеннен 

кейін көргенім жоқ). 

Мінеки,  сөйтіп,  ауылдан  мен  кеше  ғана  келдім.  Келе  сала  саған  хат  жазып, 

мұнымды шағып отырмын. Не істейін, Ербол? Не қылайын? Жаным, қуатым, 

ақылды едің ғой, бір амалын тапшы. 

«Сақал-мұртың  қуарып,  бойға  біткен  тамырдың  бәрі  бірдей  суалып,  алайын 

деп  тұрмысың  мені  көріп  қуанып»  деп  қарт  Қожаққа  Ақжүніс  айтқандай, 

Бүркітбай  шалға  қалай  барамын,  сенсіз  қалай  өмір  сүремін?  Бармасам, 

шешем  күн  көрсетпейді,  үй  ішінің  халі  түскен.  Өзің  барда  күзде  үй  басына 

арба-арба  еңбеккүнге  тиген  астық  қыс  бойы  ол  қап-қап  болып  тошалада 

тіреліп тұрушы еді. Өткен күзде біздің үйге бір жарым қап бидай әрең тиіпті. 

Үйелмелі  үш  жан  күніне  үш  мезгіл  дастарқанға  бір  уыс  бидай  шашып, 

тауықтай  теріп  жеп,  талшық  ететін  көрінеді.  Бір  біздің  үй  ғана  емес,  бар 

ауылдың  күйі  осы.  Жақ  жүндері  үрпиіп,  бозарған  бала-шағаның  түрін 

көргенде, ішің удай ашиды. Міне, елдің жайы осы, Ербол! 

Студенттік  жағдай  да  жетісіп  тұрған  жоқ.  Күніне  карточкамен  алатын  бір 

жапырақ нан мен қатықсыз қара көже. Жатақхана да суық. Осы хатты көрпеге 

оранып  отырып,  қайта-  қайта  үрлеп  өз  деміммен  жылытып,  әрең  жазып 

отырмын.  Бірақ,  маған  сенің  әр  хатың  бес  күндік  азық,  әр  сөзің  бір  күндік 




87 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет