Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет85/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жігіттерге  деген  сүйіспеншіліктерін  жүректерінің  түкпіріне  түйіп,  өмір  бойы 

жадында  сақтап  қалғанын  білсін.  Қанша  бармын,  бақыттымын  десе  де,  сол 

алғаш  сүйген  жігіттерінің  төбесін  көргенде  шексіз  қуанатындарын,  оңашада 

соларды ойлап, өксіп алатындарын түсінсін. 

Сөйтіп,  қыздарға  кешірім  етсін,  жалғыз  өз  атынан  емес,  барлық  жігіттер 

атынан кешірім етсін деп жазып отырмын мұны. 

Жоқ, Ербол! Сен мұны мен Бүркітбайға баруға бел байлаған соң айтып отыр 

екен  деп  ойлама.  Жоқ,  атама.  Бұлжүрегімді  жайып,  бар  сырымды 

ақтарғаным  саған  бәрін  жасырмай  жазғаным.  Осылай  ақтарыла  сөйлеуге 

мені өзің үйретіп едің ғой , жаным. Сол талабыңды орындағаным. 

Miне, ағарып таң да атты. Терезеден ақбас Алатаудың бір шыңы көрінді. Осы 

шыңдай  берік,  осы  шыңдай  тұрақты  болам  деуші  едім  өмірде.  Оны  алдағы 

күндер, алдағы жағдайлар көрсетеді. 

Міне, қалқам, мен болдым. Сенін амандығыңды тілеймін. Осы жазда жауды 

құртуларыңды  күтемін.  Сенің  маған  ақыл  қосатын  хатыңды  тосамын. 

Басынды  көкірегіме  басып,  қысып,  сүйдім  сені.  Окобыңда,  аязда  тоңып 

отырған жеріңде ерніммен аймалап, айқара құшақтадым, жаным. 

Сенің Сәлимаң. 

1944 жыл, 20 февраль. 

Алматы, КазГУ». 

Мен  хатты  оқып  болып,  Меңтай  екеуміздің  ортамызға  қойдым.  Қыз  қолын 

хатқа созбады. 

Маған оның жүрегі толқып,отырғандай көрінді. Бірақ онысын сездірмеді. 




90 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет