Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет87/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сәлима  хатында  жазға  дейін  жауды  жеңіп  кел,  сонда  өзіміз  қосыламыз 

дейді. Менің сөйтіп оған жеткім-ақ келеді. Бірақ бүкіл неміс армиясын жазға 

дейін  жалғыз  жайпап  тастау  менің  қолымнан  келе  ме?  Егер  бәрі  менің 

қолымда болса, онда жазға дейін емес, бір айда-ақ, тіпті бір тәулікте, тіпті сол 

күні-ақ  жауды  құртып,  бар  ғашықты  бақытты  етіп,  елге  қайтқан  болар  едім. 

Қайтейін, қанша бұлқынса да бір солдаттың қолында не бар. 

Өстіп  дәл-сал  болып  жүргенімде  елден  тағы  бір  хат  алдым.  Оны  ауылдан 

Сәлиманың  шешесі  жолдапты.  Әрине,  Бүбіш  апайдың  өзі  хат  білмейтін.  Бұл 

апайдың  кіші  қызы  Сәнияның  да  жазуы  емес.  Қолтаңбасы  маған  өте 

таныстау. Басқа біреуге жаздырыпты. 

Хатының мазмұны мынадай. 

«Қымбатты Ербол балам! 

Дүние тыныштық болса, сені шын балам болар деп ойлаушы едім. Сұм соғыс 

килікті  де,  бәрінді  көгендеген  қозыдай  алысқа  алып  кетті.  Сәлимам  сені 

сарғайып  көп  күтті.  Оның  енді  отыруының  орны  жоқ.  Ерге  шығуы  керек. 

Шырағым, мен шешемін ғой. Ең жоқ дегенде бір қызымды қолымнан ұзатып

қызығын  көрейін.  Егер  сенің  оны  шын  жақсы  көретінін  рас  болса,  бағын 

байламай, рұқсатымды бер. Оған, кінә қойма, өз күнін көрсін, обалдарың сұм 

Китлерге болсын. 

Ал,  қарағым  Ербол!  Осыны  сенен  аналық  тілек  етемін.  Жасыңнан  ана 

сыйлаған  жалғыз  едің  ғой.  Айтқанымды  орындасаң  -  батамды  беремін. 

Құдайдан  сенің  аман-есен  келуіңді  тілеймін.  Аман  келсең,  өзіңе  лайық  қыз 

табылады елден. 

Анаң Бүбіш». 



92 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет