Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет88/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бұл  хат  жанымды  және  күйдірді.  Күйдірген  кемпірдің  сөзі  ғана  емес  (бірақ 

шеше байғұста не кінә бар), сол хаттың жазуы да еді. Әріптері қиқы-жиқы бұл 

шимай  Бүркітбай  бригадирдің  жазуы.  Мен  жыл  сайын,  оқу  біткеннен  кейін, 

жаз  бойы  оның  табілшісі  болатынмын.  Сондықтан  да  маған  Бүркітбайдың 

қай  әріпті  қалай  жазатыны,  тәбілдің  аяғына  қолды  қалай  қоятыны,  бес 

саусағымдай белгілі еді. Төрт бұрышты конверттен алынған хат бетіне тізілген 

сол  бір  қиқы-жиқы  әріптер  енді  маған  омартадан  құжынай  ұшқан  сары-ала 

шыбын  –  сансыз  араларға  айналып,  өзімді  жабыла  талағалы  келе  жатқан 

сияқты боп көрінді. 

Сонымен,  біресе  жапандағы  жалғыз  жолаушыны  қамаған  аш  қасқырдай 

анталап,  алдан  да,  бүйірден  де  снаряд  миналар  жарылып,  біресе  ордалы 

жыландай жан тітірете ысқырып, сумаңдап, оқ қаумалап, біресе үстіне төнін 

келген  аюдыңтісіндей  сақылдаған  жау  танкі  ыстық  ұяң  окопты  таптап,  сол 

өміріне  күніне  қырық  рет  қауіп  төндірген  қырық  төртінші  соғыс  жылының 

сұрапыл қысы да өтіп бара жатты. Бұл уақыт ішінде мен Сәлимаға арнап сан 

рет  хат  жазып,  сан  рет  жырттым.  Ақыры,  көктемнің  алғашқы  күндерінің 

бірінде мен оған мынадай жауап жібердім: 

«СӘЛИМА! 

Менің  өмірімнің  қауіпте  екені  рас.  Осы  күнге  дейін  өзім  өлермін  деп  еш 

ойламасам  да,  соғыс  біткенше  өлі  боламын  ба,  тірі  боламын  ба,  ал  тірі 

қалсам  –  мүгедек  боламын  ба,  әлде  жай  жарақатты  боп  қайтамын  ба, 

білмеймін.  Бар  білетінім:  осы  соңғы  үш  айдың  ішінде  ғана  бірнеше  жан 

жолдастарымнан айырылдым. 

Мен  сені  шексіз  сүйетінімді  өзің  білесің.  Сүйгендігім  үшін  өз  жүрегімді  өзім 

тұншықтырып,  құрбан  етуге  ұйғардым.  Сен  мені  күтпе,  қалаған  адамыңа 




93 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет