Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет96/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тұрғанда  кимелеп  өте  шығатын  сиыр  емеспін  ғой.  Меңтайдың  бетіне  тура 

қарауға  жүзім  шыдамай,  теріс  айнала  бөгеліп,  тоқтап  қалдым.  Меңтай  мені 

жұрт  көзінше  жерлеп,  масқара  етпек  болған  екен  деп,  өне  бойымды  тер 

жауып қоя берді. 

– Ағай, сіз ақын екенсіз, – деді қыз осы кезде. 

Мен селк ете түстім. Селк еткенім: «Мен қате естіген болармын. Қыз: «ағай, 

сіз  ақын  екенсіз»  демей,  «ағай,  сіз  ақымақ  екенсіз»  деген  шығар  деп 

ойладым. Одан сайын ұнжырғам түсіп кетті. 

–  Ағай,  сіз  ақын  екенсіз  деймін,  –  деді  қыз  тағы  да.  Бұл  жолы  ол  көңілді 

кезіндегідей әр сөзін соза, әндетіп айтты. Мен «ақын екенсіз» деген екі сөзді 

дұрыс  естігеніме  сенбегендей,  екі  көзім  жыпылықтап  Меңтайдың  бетіне 

қарадым.  -  Иә,  ақын  екенсіз,  нағыз  ақынсыз,  –  деді  ол  басын  изеп,  тағы  да 

жымия түсіп. 

Үш  күннен  бері  тартқан  қасіретімнің  төлеуіндей  болған  бұл  жымиыс  маған 

соншама қымбат еді. 

Жүрегім жана орнына түскендей болды. Меңтайдың маған ұрыспайтынына, 

жұрт  алдында  масқараламайтынына  енді  ғана  көзім  жетті.  «Уһ!»  деп, 

арқамнан ауыр жүк түскендей терең бір дем алдым да: 

– Рахмет, Меңтай! Ақындық қайдан келсін, әшейін... – деп міңгірледім. 

–  Жоқ,  «Қызыл  көрпеңіз»  жақсы  өлең,  –  дейді  Меңтай.  –Зайкүл  де,  Қанипа 

да,  Майра  да  басқа  қыздар  да  оқыды.  жақсы  деп  тапты.  Менің  сізге  ол 

көрпенің тарихын да айтып бергім келді. 

–  Әй,  Ербол,  -  деді  Зайкүл  мені  қолымнан  жұлқылап,  төрге  қарай  сүйреп.  – 

Осы  сенің  мына  Меңтаймен  не  пәлең  бар.  Осыдан  басқаны  көзге  ілмейсің 

де,  мұның  төсегіндегі  көрпесіне  дейін  өлеңге  қосасың.  Саған  қызыл  керек 




101 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет