Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет97/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

болса,  менің  көйлегім,  пальтом  да  қызыл,  тіпті  аяғымдағы  етігім  де  қызыл. 

Айта берсең, өзім де қып-қызыл от емеспін бе жайнап тұрған. Сен осы  мені 

неге өлеңге қоспайсың? 

Қыздар ду күлісіп жатыр. Осы кезде жүгіріп Жомартбек келді. 

– Шұрқ етпе, Зайкүл,  - деді ол кеудесін басып.  - Саған деген асыл сөз мына 

алтын сандықта сақтаулы жатыр. 

–  Ал,  айт,  ендеше,  –  деді  Зайкүл  қырланып.  Жомартбек  тамағын  кенеп, 

Зайкүлге жалынып, жүрек шерін ақтарғандай боп әндете жөнелді. 

Қаpa көз, имек қас. 

Қаpaca жан тоймас. 

Аузың бал қызыл гүл, 

Ақ тісің кір шалмас. 

Зайкүл көзін құбылтып, ернін бүрістіріп мәз боп қалды. Қарқ еткізіп әсем ақ 

тістерін және ақситып үлгірді. Жомартбек өлеңін одан ары жалғастырды. 

Иісің гүл аңқыған, 

Нұрың күн шалқыған. 

Көргенде бой еріп, 

Сүйегім балқыған... 

Жомартбек  өлеңнің  әр  жолының  мазмұнына  қарай  бірде  мойнын  созып, 

бірде екі құлашын кең жайып, одан соң балқып, еріп, ақырында бу боп ұшып 

бара  жатқандықты  танытып  неше  қимылдар  жасап  болып  тоқтап,  Зайкүлге 

басын иді. 



102 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет