Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет94/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сағат  бірден  аса  университетті  жағалап  келуін  келгеніммен,  оның  ішіне  ене 

алмай  көп  күйбеңдедім.  Біресе  оның  баспалдағына  көтеріліп,  біресе  одан 

қайта  түсіп,  қарсыдағы  паркқа  еніп  кетіп,  әбден  есім  шықты.  Өзіміздің 

қыздардың  ешқайсысының  көздеріне  көрінбеуге  тырыстым.  Сағат  екіге  бес 

минут  қалғанда  ішке  кіріп,  шинелім  мен  фуражкамды  гардеробқа  өткіздім 

де,  төменде  біраз  бөгеліп  тұрып,  екінші  этажға  көтерілдім.Тура  сағат  екіде 

ішінде Меңтай отырған отыз үшінші аудиторияның қасына жетіп, тәңір үйінің 

қақпасы алдына келген діндардай дірілдеп, есіктің тұтқасын ұстадым. 

Осы  кезде  қарсыдағы  деканаттан  шығып,  профессорға  бас  иіп,  олкісіден 

бұрынырақ асыға ішке еніп кеттім. 

Мен  аудиторияға  емес,  жаңа  ғана  жау  өртеп  кеткен  деревняға  енгендей 

болдым.  Бетімді  ып-ыстық  от  лебі  шалған  іспеттенді.  Не  болса  деп,  өзім  ең 

алғаш  келгендегі  артқы  партаға  қарай  тарттым.Тұсынан  өтіп  бара 

жатқанымда  Меңтай  маған  бірдеңе  айтпақ  болғандай  жалт  қарап  еді,  өрт 

ішінен  созылып  оза  шыққан  бір  ұзын  қызыл  жалын  мені  қатты  шарпып,  өн 

бойымды күйдіре тұншықтырып, орап өткен сияқтанды. 

Артқы партада Жомартбек деген аққұба өнді, ұзын бойлы тыриған арық бала 

жігіт  отыратын.  Ол  үнемі  қызметкер  ағасының  үстінен  түскен  көнетоз 

киімдерін  киіп  жүретін  және  ылғи  шетте  отыратын.  Сондықтан  сырт  пішіні 

жағынан,  ит-құсты  үркіту  үшін  қотан  сыртындағы  жіңішке  ағашқа  кигізіп 

қойған ескі киім, тымаққа – қарақшыға ұқсаңқырайтын. Ал мінез жағынан  – 

тіл  алғыш,  жұғымтал,  оның  үстіне  едәуір  қу  тілді  болатын.  Мен  ең  алғаш 

келгенде  Жомартбек  соқыр  ішегіне  операция  жасатып,  ауруханада  жатқан 

екен.  Содан  сауығып,  он  шақты  күннен  кейін  курсқа  қайта  келген.  Отыз 

қыздың  ішіндегі  еркек  кіндікті  екеуіміз  ғана  болғандықтан  бір-бірімізге  үйір 

бола бастағанбыз. 



99 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет