Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет90/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Одан  басқа  да  үшкіл  хаттармен  бірге,  армия  почтасына  жөнелтілді.  Сөйтіп, 

менің хатым елге, Алматыға қарай бет қойды. 

Хат  осылай  жылжып  кетіп  бара  жатқанда  маған  тағы  да  мынадай  ой  келді. 

«Осыным дұрыс болды, – дедім өзімді-өзім жұбатып. – Бұлай ету біріншіден, 

менің  адамгершілік  парызым.  Екіншіден,  Сәлимаға  қойған  сыным.  Ол  мені 

шын сүйсе, оның үстіне уәдесіне берік, табанды болса – мені тосады. Ал шын 

сүймесе, сүйсе де табансыз тайғанақ болса – мені күтпейді». 

Ақыры ол мені күтпеді. Хатымды алғаннан кейін, 1-май мерекесінде ауылға 

барады  да,  қайтадан  КазГУ-ге  қайтпайды.  Бүркітбаймен  қосылып,  біржола 

қалып қояды. 

–Ақыры ол мені күтпеді, - деп жоғарыдағы сөзімді қайталап айттым. – Бірақ 

күтпегеніне  қыз  кінәлі  емес,  «күтпе»  деген  өзім  кінәлідей  сезіндім  соғыс 

біткеннен  кейін.  Жұрт  айтып  жатқан  «Тос  мені,  тосты»  неге  айтпадым  деп 

өкіндім. Өкінгенмен не пайда? Мен бұл сұрапыл соғыстан тірі қалатынымды, 

тірі қалғанда он екі мүшем сау болып елге осылай аман келетінімді біліппін 

бе? 

Мен әңгімемді бітіріп, үстел үстінде жатқан Сәлиманың хатын алып, бүктедім 



де,  қайтадан  шинелімнің  қалтасына  апарып  салдым.  Сол  арада  қолыма 

қойын  дәптерім  ілінді  де,  оның  ішіндегі  бағана  бөлек  қағазға  жазып  алған 

өлең ойыма түсіп, жүрегім кеудемді тепкілеп қоя берді. «Мұны қалай етсем 

екен?» деп ойладым. 

– Апырай, бұл кісі Пенелопа болмады ғой, - деді Меңтай осы кезде бірақ үн 

қатып. 


– Мен де Одиссейге ұқсамай жатырмын-ау, – дедім қызға қарай бұрылып. – 

Сәлиманың  қолына  Одиссейдің  садағындай  садақ  тастап  кетпеген  соң, 

әрине, солай болады. 



95 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет