Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет89/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тұрмысқа  шық.  Өлсем  –  есіңде  сақта.  Бір  балаңа  менің  атымды  қой  –  мен 

соған да ризамын. 

Қош. 


ЕРБОЛ. 

1944 жыл, 15 апрель. 

Майдандағы армия». 

Осылай  дедім.  Өйтпегенде  қайтейін.  Ол  менің  некелеп  алған  жарым  емес 

қой.  Біздің  екі-  үш  рет  сүйісіп,  тілден  бал  сорысқаннан  басқа  арамызда 

ештеңе болған жоқ. Елде, Сәлиманың өзі айтқандар аз ба? Қайта Сәлиманың 

менен рұқсат сұрағанына рахмет. 

Бүркітбайға сұрамай-ақ шығып кетсе мен не істейтін едім. Шешесі айтқандай, 

өзім шын сүйген Сәлиманың бағын байламайын. 

«Тос  мені,  тос!»  деп  хатқа  жазуға  немесе  әндетіп  айтуға  ғана  оңай  шығар. 

Тосушы  ол  үшін  талай  тозақтан,  талай  тұзақтан  өтетін  болар.  Сол  көп 

тозақтың  бірі  -  шеше  қаһары.  Үй  ішіне,  сөз  салушыға  жек  көрінішті  болып, 

сені күткен жардың еңбегі сен аман барып, ақталса, жақсы. Ал олай болмаса 

ше?  Өлген  өкіне  білмейді.  Күйініш  тіріні  күйдіреді.  Өзің  олай-пұлай  боп 

кетсең  оны  және  отқа  салудың  қажеті  не?  Қыз  байғұс  сені  сүйгеніне  кінәлі 

ме?.. 


Осылай  ойладым.  Сондықтан  «өзің  біл,  ойлан»  деп,  Сәлиманың  басын 

қатырмадым. 

«Мені күтпе» деп, пышақ кескендей ғып, бірден айттым. 

Хатымды  бүктедім  де,  тез  почташыға  бердім.  Өйтпесем,  тағы  да  жыртып 

тастайтынымды  сездім.  Почташы  оны  дивизия  штабына  апарып  тастады. 



94 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет