Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет92/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен тілім байланып қалғандай, басымды изедім. 

Жатақханадан шықсам көшелер қараңғыланып қалған екен. Жаңағы қағазды 

жылтыңдатып кітаптың арасына неге салып кеттім деп жатып өкіндім былай 

шыққан соң. 

Ол  бағана  мені  туған  ағамдай  көремін  деген  жоқ  па  еді.  Сөйтіп, 

«бауырыңмын, қарындасыңмын» деп отырған қызға ғашықтық өлеңін тастап 

кеткенім қай иттігім? Ертең 

Меңтайды қалай көремін, оның бетіне қалай қараймын? 

Өстіп, өзіммен өзім ұрысып, қараңғы көшеде бүкеңдеп келе жатқан мен оқ-

дәрі  қоймасына  есебін  тауып  сағат,  минуты  жеткенде  жарылатын  мина 

тастап,  сол  жарылыстан  жан  ұшыра  қашып,  аулақтап  бара  жатқан  жау 

жағының жансызындай сезіндім өзімді сол сәтте. 

Махаббат пен сана бірін бірі тыңдамайтынын, әрқайсысы тек өз дегенім ғана 

болсын дейтінін мен бірінші рет осы кеште ұққандай болдым. 

 

VII 

Ертеңінде қайтадан мен жатақханаға жолай алмадым. Меңтайға не бетіммен 

көрінемін, 

«ағай, мұныңыз не?» десе не деймін деп, өз жанымды өзім жегідей жедім. 

Сөйтіп,  мені  қисапсыз  мас  болған  адамның  өзінін  орынсыз  айтқан  сөз, 

келеңсіз қылықтарын естіп, ертеңінде тартар өкініш азабындай қинап, екінші 

қаңтар өтті. 

Үшінші  қаңтарда,  күндізгі  сағат  екіде  лекциямыз  басталмақ.  Жатақханадан 

жүрегім  шайылып  қалған  мен  университетке  баруға  тағы  бетімнен  бастым. 

Қыздардың бәрі мені 



97 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет