Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет81/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жылы суға Қатипа қолын малады да отырады. Жұртқа таба боп мен қаламын, 

елге күлкі боп сен жүресің. 

– Неге табалайды жұрт? – деймін мен. 

–  Неге  табаламайды,  –  дейді  шешем.  –  Бүркітбайдың  көңілі  сенде  екенін 

бүкіл  осы  ауыл  түгел  біледі.  Кеше  анау  шеттегі  саңырау  кемпір  Сақып  та: 

«Бүбіш,  Сәлиманы  Бүркітбайға  қашан  қосқалы  жатырсың?  Ұмытып  кетпей 

мені  де  тойыңа  шақыр.  Сәлиманың  тұсауын  өзім  кескенмін»  деп  кетті. 

Білмесе ол не? Ел құлағы елу деген емес пе – бәрі де біледі. 

Білсін,  осы  қиыншылықта  мына  Бүбіштен  басқа  кімнің  қызын  күйеу,  күйеу 

болғанда жарты патша – басқарманың өзі алып жатыр. 

Мен  ыза  боп  кеттім.  «Тойыңның  да,  Бүркітбайыңның  да  керегі  жоқ»  деп 

жылап жатып алдым. 

Шешем  бұртиып,  біраз  қасымда  отырды.  Содан  кейін  даусын  жұмсартып 

басымды  сипады.  Біраздан  кейін  мені  құшақтап,  өзі  де  жылап  алды.  Көзін 

сүртіп, бір кезде қайта сөз бастады. 

– Егер соғыстан Ербол келмей қалса, сорлайтын сен боласың, балам,  – деді 

жыламсырап  отырып.  -  Одан  да  бүгіннен  бастап,  Бүркітбайға  шығып  ал, 

қалқам.  Айналайын,  ақылың  бар  ғой  сенің.  Мына  дауылды  заманда  үйге 

тіреу болатын еркек керек. Оқуды қайтесің, оқудың түбіне кім жетеді? Ербол, 

Ербол!  –  дейсің.  Ерболың  да  жасынан  оқу  құмар  бала  болатын.  Соғыстан 

бұрын  тауыса  алмай  кеткен  оқуын  соғыстан  кейін  бітіремін  деп  әуре 

болмасына  кім  кепіл  оның.  Алдымен  соғыстың  бітуін  күтіп,  одан  соң 

Ерболдың  оқуды  тауысуын  тосып,  өз  бағынды  өзің  байлап  отырасың  ба, 

күнім-ау. Қыз баланың бақыты – байға тиіп, бала құшақтау. Жалғыз сен емес, 

Хауа анадан бері келе жатқан жоралғы осы, ботам. 




86 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет