Әдеби KZ
Ербол, Ербол дейсің? Ол тірі келе ме, өлі бола ма? Оны қайдан білдің. Қайта,
Ерболдың сені жақсы көргені рас болса, бағыңды байламасын. Егер үйге өзі
аман келсе, елден Ерболға лайық қыз табылады. Сәниям жетіп және келеді.
Ертең оған да күйеу керек. Тіпті Ерболға соны беремін. Оған апасын алды не,
сіңлісін алды не – бәрібір емес пе? Екеуі де менен туған. Ал дәп саған ертеңгі
Ерболдан бүгінгі Бүркітбай артық. Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ
сүтімді аспанға сауамын, теріс батамды беремін. Аналық қарызымды екі
дүниеде де кешпеймін!» деді.
Не істерімді білмедім. Ақыры, жазғы каникулге келгенде көрейік дедім. Оған
дейін өзіңмен ақылдасып алғым келді. «Бүркітбай менімен бұрыннан
сөйлесіп жүрген. Қыста келгенде сені үйіме кіргізіп бер, оқуға жіберме деген.
Сенін сонау жазыңды күтіп, қу тізесін құшақтап отыра бере ме ол. Осындағы
бойжетіп отырған қыздардыңбірін алады да қояды, сені дәт дегізіп. Ана
Жексеннің қызы Қатипа жоқ нәрсені сылтауратып, күнде баратын көрінеді
канторға. Бүркітбайды қалай қолыма түсіремін деп жүрсе керек. Әне, сол
сияқты біреу есігіме өзі келіп тұрған бақ-дәулет, бай күйеуді қағады да
кетеді», - деп шешем тепсіне тақымдап болмады.
– Ендеше Бүркітбай сол Қатипаны алсын, – дедім мен.
– Бүркітбай оны ұнатпайды, - деді шешем. - Осы төңіректе оның ұнататыны
сен ғана болып отырсың. Құдайдың мұнысына мың шүкіршілік, ат аяғы жетер
жердегі жалғыз еркек қызының аяғынан құшақтай жатса, одан артық бақыт
бар ма шешеге! Бірақ есіңде болсын, еркектің көңілі құбылмалы болады.
Мысықты кім арқасынан сипаса, ол соған сүйкеніп, пырылдай алдынан
түспей қоймай ма? Еркек те сол сияқты. Қай әйел бетіне күле қарап,
қылмыңдай бастаса, еркек те соған қарай бейімделе береді. Сен шалқая
берсең ол ерегесіп Жексеннің қызын алады да қояды. Сөйтіп саған арналған
|