Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет77/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

кандидаттық дипломнан ай сайын мол ақша сауып отыру мақсатын көздеп, 

құлқын  құмарлықпен,  пайдакүнемдікпен  қорғауы.  Соңғысы  алғашқыдай 

ғылымда  айтатындай  өз  сөзім  бар  деп,  өзекті  жарып  шыққан  өжеттікпен 

емес,  жалынып-жалпайып,  өлімсіреген  өлермендікпен  қорғау.  Сендердің 

іштеріңде  кейін  диссертация  қорғаймын  дейтін  талапкерлерің  болса,  онда 

ғылымға анау алғашқы ақ, әділ жолмен баруларыңды, мәслихат етемін. Осы 

соңғы сөлекет жолдан арылса екен, жоғалса екен деп тілеймін». 

–  Ағайдың  сол  айтқанындай-ақ,  –  деді  Меңтай  жаңағы  сөзін  жалғап,  – 

ғылымға  үлес  қосу  үшін  емес,  күрпілдетіп  ақша  сауу  үшін  ғана  диссертация 

қорғау біздің қыздардың кейбіреулерінің қолдарынан келсе келер, бірақ мен 

өйте алмаспын. – Меңтайдың енді бұл тақырыпта әңгіме қозғағысы келмеді 

білем,  сөздің  бетін  басқаға  бұрды.  –  Бұның  бәрі  мына  кітаптан  шығып  кетті 

ғой,  –  ол  алдында  жатқан  кітаптың  сыртын  тағы  бір  сипап  қойды.  – 

Айтпақшы, ағай, жаңа, кітап оқып отырғанда, көмейіме келген бір сұрақ бар 

еді. 


Соны сұрайын ба сізден? 

–  Сұра,  Меңтай,  –  дедім  мен  күле  түсіп.  Қыздың  не  сұрағалы  отырғанын 

сезгендей, жүрегім су ете қалды. 

–  Сұрасам,  Одиссей  батыр  сияқты  сізде  соғыстан  қайттыңыз.  Ал  елде  сізді 

күткен  өз  Пенелопаңыз  жоқ  па  еді?  Бұл  сұрағыма  ренжімеңіз,  ағай,  –  деді 

Меңтай  соңғы  сұрағым  менің  көңіліме  кеп  алды  ма  дегендей,  кейінгі 

сөздерін тездете айтып. 

Несіне ренжиін, мен қызға шынымды айттым. 

– Болды, Меңтай, – дедім сәл ғана күрсініп қойып. – Аты Сәлима еді. Соғысқа 

кетерде уәде байластық. Артынан ол осы КазГУ-ге кетіп студент болып, оқып 




82 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет