Жаңа технология мен инновациялық әдістер
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пай-
да болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал-жабдықтарды
(инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үдерісінде
пайдалану мағынасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту
технологиясы» дегеніміз – ғылым мен техниканың жетістіктері
негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағынасына ие болды.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының
практикалық қызметінде іске асады. Қазір дүниежүзінде оқыту-
дың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жа-
тыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алды-
на қойған негізгі мақсаты:
Біріншіден, адамдардың өмірінің әртүрлі кезеңдерінде
үздіксіз білім алуға жағдай жасау.
29
Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығарма шы -
лықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау.
Үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын
қалыптастыру. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.
Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушылар-
дың білімін тексеруде:
– топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
– оқушының өзін-өзі тексеруі;
– оқушылардың бірін-бірін тексеруі;
– оқытудың модельді жүйесі;
– дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін
қолдану жатады.
Оқушылардың білімін тексеруде: сынақ, тест, рейтинг жүйе-
лері қолданылады.
Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа пішіні
– блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда
оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу
бірден іске асады.
Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген
географиялық, экологиялық, экономикалық мәселелерді біртұтас
беруге мүмкіндік туғызады.
Блок (модуль) ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу
бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде
де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту
үшін де, материалды есте сақтау үшін де қолданылады. Көрнекілік
құралдар оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа
білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы,
орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді
орнықтыру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде
үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу,
кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді
бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру,
аспаптар құрылысын түсіндіру). Көрнекілік оқушылардың жас
ерекшелігін ескере отырып пайдаланылады.
Қазіргі заманғы жаңа технологиялық әдістер негізіне тоқтала
кет сек, соның бірі – кейстік технология бойынша сабақ өтудің үлгісі.
|