Сабақтың әдісі: кейстік технология.
Сабақ типі: кабинеттік.
Көрнекті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалары, гео-
ло гиялық, тектоникалық және физикалық карталары. Тау жыныс-
тары мен минералдар коллекциясы.
Тәрбиенің түрі: эстетикалық-экологиялық тәрбие. Ғылыми
және дене тәрбиесін қалыптастыру.
Пән аралық байланысы: ең алдымен, тарихпен тығыз
байланысты. Тарихсыз елестету мүмкін емес, химия арқылы
олардың құрамын, жаралу үдерістерін анықтау. Математика
арқылы олардың жер астында қанша қоры бар екенін, оларды
өндіру көлемін анықтау.
Пән ішілік байланыс: геологиямен тығыз байланысты, кар-
тография, физикалық география, т.б. салалармен байланысты.
Сабақтың барысы: Қазақстанның қазбаларының дүниежү-
зін де алатын орны жайлы баяндау. Қазақстанның жер қыртысында
90-нан астам қазба байлық кездеседі. Республика аумағында пай-
далы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған.
Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазба кен орны ашылған.
Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді.
Осы үш топқа қандай пайдалы қазбалар мен кен орындары жата-
тынын олардың ерекшеліктерін атап өту қажет. Аталған пайдалы
қазбаларды картадан кен орындарын көрсетіп отырамыз.
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут).
Сәлемдесу, жоқтарды белгілеу, назарын аудару.
Сабақ жоспарын хабарлау.
Үй жұмысын тексеру және әрекетін негіздеу.