К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет3/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
300 
СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ 
 
302 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕЙСТЕР 
 
304 
БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ МЕН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
308 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
311 
ГЛОССАРИЙ 
336 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
346 
ҚОСЫМШАЛАР 
352 



КІРІСПЕ 
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында
 
«Білім беру менеджменті» бойынша
 
білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару 
принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін 
қалыптастыру атты міндеттер алға қойылған. Өз кезегінде Елбасымыздың алға 
қойған міндетін шешудің маңызды да жетекші бір жолы әрине аталған сала 
бойынша мамандарды дайындаудан бастау алатыны белгілі. 
Қазіргі таңдағы менеджмент – нарықтық экономика, өндіргіш күштердің 
дамуымен, бәсекеге қабілеттілік пен физикалық және заңды тұлғалардың 
әрекеттерін белсендіруге оңтайлы шарттарды ұйымдастыру процесінің 
қалыптасуымен қатар пайда болған кешенді инновациялық ғылым. Еліміздің 
даму кезеңіндегі білім беруді басқару жүйесі білім беру мекемелеріндегі 
«басшы – мұғалім – оқушы – ата-ата» жүйесіндегі субъект-объект қатынасының 
орнын басатын әр тұлғаның өзін дамыту мазмұнын қамтитын субъект-
субъекттік қатынасын дамытуға байланысты интенсивті жолдарды қамтамасыз 
ететіндей жетілдіруді және жаңартуларды қажетсінуде.
Осы орайда, аталған міндеттерді шешу мәселесімен айналысатын
жаңадан туындаған міндеттерге кезігіп, шешім қабылдау және қорытынды 
нәтижелер үшін жауапкершілікті мойнына алатын жетекші мамандардың бірі 
білім беру менеджерінің қызметтері және олардың кәсіби әрекетіне 
байланысты. Білім беру менеджері – кәсіби басқару-педагогикалық әрекетті 
шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруға қабілетті, осы процесте үздіксіз өзін-
өзі дамытатын және жетілдіретін өз ісінің шебері, маманы. 
Заманауи 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларда 
менеджерлерді 
дайындау демократияландыру мен гуманизацияландырумен байланысты 
белсенді иновациялық процестермен, түрлі нұсқадағы оқу жоспарлары, білім 
берудің жаңа мазмұнымен анықталуда. 
«
Білім берудегі менеджмент» пәні 6В010000-Білім беру мамандықтар 
тобына арналған.
Болашақ менеджерлердің кәсіби әрекетке дайындығын қалыптастыру 
үшін: кәсіби дайындық барысында оқу әрекетінің маңызын түсіну; 
мотивацияның жоғары деңгейі; басқару біліктілігін дамыту; кәсіби өзіндік 
бағалауын тәрбиелеу; коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет