9
2)
заңға тәуелді актілер – заңдарға негізделген және оларға қарама-
қайшы келмейтін актілер.
Білім беру қызметін және басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші
тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы және ҚР-ның «Білім
туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ, мысалы, ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім туралы тұжырымдамасы
және
Қазақстан
Республикасының
үздіксіз
педагогикалық
білімінің
тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын
іске асыратын Білім ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар
ұсынылған.
«Менеджмент» термині әмбебаптық болып табылатын «басқару»
терминімен салыстырғанда арнайы өзіне тән мағыналық маңызға ие. Еске сала
кетсек, ағылшын тілінде басқарудың көптеген түрі, бірқатар сөздермен
берілген: «administrate», «control», «direct», «govern». Егер де «imanaged» сөз
тіркесінде алар болсақ, онда аудармада «менің қолымнан келеді», «мен істей
алдым», «мен нәтижеге жеттім» дегенді білдіреді. Екі үндестік қатарды
қосқанда «менеджер» термині түсінігіне ие боламыз. Бұл екі өлшемнің
парадигмасы:
дәстүрлі
түсініктегі
басқару
қызметі
(әкімшілік,
ұйымдастырушылық, бақылаушылық, бағыттаушылық және т.б.) және
нәтижелігін немесе басқару тетігінің табыстылығы мен тиімділігін бағалау
болып табылады.
«Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ
оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды.
«Менеджмент» латынның «ману»
–
«қол» қол деген сөзінен шыққан.
«Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент
деп «жеңу өнері» ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-
тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын
айтады. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен
қарастыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: