7
Курстың постреквизиттері: «Тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесі»; «Инклюзивті білім беру»; таңдау пәндері бойынша әртүрлі
элективті педагогикалық курстар; оқу, өндірістік және педагогикалық практика.
«Білім берудегі менеджмент» курсы жалпы кәсіби білім беретін пәндерді
аяқтайтын цикл. Курсты оқып болған соң студенттер басқарудың қазіргі
арнайы білімдерімен, педагогикалық ойлаумен қаруланады.
«Білім берудегі менеджмент»
оқулығында теориялық материалмен бірге,
тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар,
глоссарий берілген. Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби
құзіреттілігін қалыптастыратындай қосымша тапсырмалар жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: