К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет8/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Басқару 
туралы 
ғылымның 
дамуы, 
басқару 
ой-пікірінің 
эволюциясы: 
менеджменттің 
шетелдік 
теориялары 
мен 
тұжырымдамалары. 
«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген 
авторлар 
атап 
айтсақ, 
А.Мескон, 
М.Альберт, 
Ф.Хедоури 
өз 
тұжырымдамаларында төмендегідей ұсынады: менеджмент – бұл басқа 
адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған 
мақсаттарға жете білу ептілігі.
 
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны әр алуан, терең және төмендегідей 
аспектілерде қарастырылады: 
-
басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне 
ықпал ететін жаңа көзқарастардың, әдістердің, технологиялардың ғылыми 
ізденісі аясында іске асады; 
-
белгілі нәтижелерді, кәсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға 
бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде; 
-
процесс ретінде, яғни бөлек әрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ
кезеңдік қызмет; 
-
өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-ақ басқару 
субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы 
айтқанда, менеджмент бойынша әдебиеттерде басқару субъектілері деп тек 
басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар 
да танылады); 
-
басқару 
аппаратының 
әртүрлі 
деңгейлері 
ретінде. 
Басқару 
проблемалары бойынша әдебиеттерде ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, 
жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен 
таралды.
В.П.Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбие процесін 
басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық 
амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджмент нақты 
мұғалімнің 
басқарушылық 
қызметі 
жаңа 
әлеуметтік-педагогикалық 
жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына 
бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог 
келесілерді жүзеге асырады: 
-
басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін 
ақпаратты түрлендіру; 
-
оқу-тәрбие процесін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың 
өзара байланысты жүйесіндей басқару; 
-
оқушылардың еңбегін, зиятын, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана 
отырып, қойған мақсаттарға жету; 


11 
-
білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге 
асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбие мақсаттарына 
жету процестерін ұйымдастыру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет