К. Д. Бузаубакова


Кейс-38.  Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша  сипаттама беріңіз.  Кейс-39



Pdf көрінісі
бет433/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Кейс-38. 
Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша 
сипаттама беріңіз. 
Кейс-39.
Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз. 
Кейс-40.
«Педагогикалық ұжым мен педагогикалық қызметкер: сипаты 
мен саралау функциясы» тақырыбында сараптамалық хабарлама дайындаңыз. 
Кейс-41. 
Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық түсінік 
сапасына (жетістікке бағытталған, дамуға бағытталған, өзін-өзі дамытуға 
бағытталған) және басқа да қасиеттеріне қарай құрылымдық кесте 
құрастырыңыз. 
Кейс-42. 
Педагогикалық ұжымда жобалық топтың құрылымын кесте 
түрінде көрсетіңіз. 
Кейс-43. 
Ұсынылған әдебиеттерді зерделей отырып, «Мектеп 
директорының педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы рөлі» тақырыбында 
хабарлама дайындау (Әдебиеттер: Дерзкова Н.Команда: этапы становления и 
поведение руководителя //Директор школы. -1996. -№1. -С. 30-35; Манн Д., 
Биллер В. Школьные администраторы России: глазами американских 
исследователей //Директор школы. -1996. -№3. -С. 33-36. және т.б.) 
Кейс-44. 
Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас 
кодексін әзірлеу. 
Кейс-45. 
Қақтығыстың қызметі мен түсінігін Б.С.Волков пен 
В.Н.Волкованың көзқарасы бойынша кестеге түсіріңіз. 
Кейс-46.
Төмендегідей парадигмаларға сүйене отырып және қақтығыс 
ұғымының қызметіне талдау жасай отырып эссе жазыңыз: келіспеушілікті 
қабылдау; қақтығыс диалектикалық-шығармалық фактор ретінде (Волков Б.С.). 
Басқа да ғалымдардың ой-пікірлері мен зерттеулерінен мысал келтіріңіз. 


307 
Кейс-47. 
Вен диаграммасы бойынша (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) 
келіспеушіліктің даму сатыларын көрсетіңіз. 
Кейс-48. 
Келесі үлгі бойынша қақтығыстардың түрлеріне педагогикалық 
жағдаят мысалдарын құрастырыңыз: белсенді-қақтығыстар (сұрақ), пассивті- 
қақтығыс (сұраққа жауап), қақтығыс-мәмілесі; мәмілеге келу. 
Кейс-49. 
Белгілі бір жағдаяттық мысал негізінде (түрлі басылымдардағы 
материалдардан) топ пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстарды сипаттаңыз. 
Кейс-50. 
Шарықтау мен бәсеңдеу (қақтығыстардан кейінгі кезең)
кезеңдерінің мазмұнына талдау жасап, себептерін анықтаңыз. 
Кейс-51. 
Р.Стогдил (1948 ж.) мен Р.Манның (1959 ж.) көшбасшылық 
қасиеттерді (ақыл-ой мен сана мүмкіндіктері, белсендік, істі меңгеру
сенімділік, өзгелерді басқару қасиеттері) анықтау туралы ойларын талдау 
жасап, өз қорытындыңызбен бөлісіңіз. 
Кейс-52. 
Көшбасшылық қасиетті: назарды, анықтаманы, сенімділікті 
және өз-өзіне деген сенімділікті басқару деп топқа бөлген американдық ғалым 
Уоррен Бенистің жасаған зерттеу нәтижесіне талдау жасаңыз. Қорытындыны 
эссе түрінде орындаңыз. 
Кейс-53. 
Р.Стогдил, Р.Манн, У.Бенис сынды ғалымдардың көшбасшылық 
бойынша жасаған зерттеулерін салыстырып, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. 
Басқа да ғалымдардың зерттеулерінен мысал келтіріңіз.
Кейс-54. 
Көшбасшылық қасиет (физиологиялық, саналық және т.б.) 
теориясы бойынша сипаттамалық кесте құрыңыз. 
Кейс-55
. «Менеджер жақсы жұмыс істеу үшін қанша уақыт қажет болса
сонша уақыт бөледі» дегенде Дж.К.Смарт не айтқысы келді? Сіздің ойыңызша 
тапсырманы орындау үшін орындаушыға қанша уақыт бөлу қажет? Өз 
жауабыңызды негіздеңіз. 


308 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет