барғаннан соң, жол түзелді. Шығыс септікті сөзге
соң, кейін, бері сияқгы септеуліктер тіркеседі. Шығыс септікті
кейбір сөздер адвербиалданып, үстеуге айналып кеткен: алдан,
аяқ астынан, баяғыдан, келтесінен, кенеттен. Шығыс септік
жалғауы өте сирек жағдайда түсіп қолданылады:
Тескен тау
(-дан) өт, бел(-ден) ас-ты, т.
б. Көмектес септігі - қазақ тіліндегі септік жүйесінің өзіндік
бір ерекшелігі, ойткені басқа түркі тілдерінде бүл септік
түрі жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, көмектес септігінің
қосымшасы да түлғалық жағынан ерекше: буьга үндестігі
заңына бағынбайды, тарихи жағынан бірлән-білән-мынан-
менен септеулік шылауынан қалыптасқан. Негізгі мағынасы -
істің, қимылдың немен, қандай қүралмен (қүралдық) істелгенін
(балтамен шабу, таяқпен түсіру), қимылға ортақтық, қатысқан
затты (жолдасымен хат жазысып түрады), қимылдың амалын,
қалай істелуін (бар зейінімен тыңдау, еңбегімен күн көру), іс-
әрекеттің, қимылдың мақсатын (бір оймен келді), қимылдың
мекенін, мезгілін (жолмен жүрді, күнімен отырды), қимылдың
себебін (сөйлеумен естімей қалды), т. б. білдіру. Сондай-ақ
қарсылықты мағынаны білдіріп, бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы да болады: