дәрежелі байланыстыратын жалғаулықтар (сочинительные
союзы). Қазақ тілінде жалғаулықтар тең дәрежелі сөздерді я
сөйлемдерді ғана байланыстырады, жалғаулықсыз құрмалас
салаласта да, сабақтаста да бөлек-бөлек бар.
Бағыныңқы сөйлем баяндауышының
тиянақсыз тұлғада
жұмсалуын осындай сипаттар арқылы тұсіндіруге болады,
басқаша жағдайда яғни бағыныңқы сөйлем баяндауышы
тиянақсыз тұлғада келмесе, қазақ тілінде сабақтас құрмалас
сөйлем болмаған да болар еді. «Тіліміздің
қазіргі даму саты-
сында көсемшелер - етістіктің ең бір тиянақсыз тұрі. Бұлар
құрмалас сөйлемнің өздері баяндауыш болып келген бөлшегін
оның екінші бөлшегіне бағындыра, соған тәуелді ете байла-
ныстырады да, ол бөлшектердің бірлікте,
тұтастықта болу-
ын қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір компоненттің
баяндауышы көсемшеден болған құрмалас сөйлемдерде жай
сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін қосымша
тәсілдердің, формалардың керегі болмайды. Өйткені ондай
функңияны жай сөйлем баяндауышы
болып келген көсемше
етістік формасының өзі-ақ атқарады. Сөйтіп, көсемшелер әрі
баяндауыштық, әрі сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын
дәнекерлік қызмет атқарады. Мұндай қызметте көсемшенің қай-
қайтүрі болса да қолданылады» (ҚТГ, П, 152). «Жай сөйлемдерді
бір-бірімен құрмаластыру үшін есімшелер де көсемшелер
сияқты құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемінің ба-
яндауышы функциясында қолданылады.
Бірақ есімшелер мен
көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей
емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып түрған
көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдердің, формалардың
көмегінсіз-ақ жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функ-
циясын да тікелей өзі атқаратын болса, есімшелерде бұл қасиет
жоқ. Олар атау тұлғада бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауы-
шы да бола алмайды, жай сейлемдерді қүрмаластыра да алмай-
ды. Есімшелер жай сөйлемдерді
құрмаластыру функциясында
136
қолданылғанда, әр алуан тұлғапық құбылыстарға ұшырап,
тиянақсыз формаларда айтылады» (ҚТГ, П,156).
Айта кету керек еткен шақ (-ып, -іп, -п) көсемше формасы
да, ауыспалы шақ (осы шақ - келер шақ: -а, -е, -й) көсемше
формасы да жалпы тиянақсыз тұлға деп саналып жүргенмен,
жіктеліп келгенде, кесемше
формасына тиянақты сипат бітіп,
жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып, сөйлемді
аяқтап, тиянақтап, бітіріп тұрады. Мысалы: Көп кешікпей біз
де
Достарыңызбен бөлісу: