отыр - ол түрұр, тұр-
т ұ р ұ р ,
жатыр-жатырүр, жүр-жүрүр
дегеннен қалыптасқан да,
қосымшалар түбірге сіңісіп кетсе де, олардың грамматикалық
сипаты (жіктелу қасиеті) сақталып қалған. Бұл етістіктердің
осы қасиеті олардың 3-жақта ол отыр, ол түр, ол жатыр, ол
жүр болып, ұқсас түлғалық түрде қолданылуынан да көрінеді
(X. А. - ЕЛГС, 73) және тікелей осы шақ көрсеткіші болуы
да соған байланысты. Ол түлғалар түбір білдіретін мағынаға
әсері болатындықтан да, сөз тудыру сипатына жақын не-
месе сөзжасамдық қасиеті байқалып отырады. Мысалы,
етістіктің салттылық-сабақтылық қасиетін кейбір ғалымдар
етістік түбірлерінің омоним немесе полисемиялық сипатының
межесі, критерийі ретінде де ұсынуы («Айтылуы мен жазылуы
бірдей, тіпті бір сөз табына енетін омоним сөздерді жеке-жеке
лексикалық единица деп тану үшін, олардың салт немесе са-
бақты етістіктерінде қолданылуы негізгі критерий есепті қар-
алуы керек тәрізді» - X. А. - ЕЛГС, 210, 211), етіс, күшейтпелі
етістік (немесе көрініс) тұлғаларын жаңа мағыналы сөз туды-
ратын (сөзжасам) жұрнақтары деп тануы (X. А. - ЕЛИС, 12)
бұл пікірді бірден-бір шешілген, қа.лыпта.сқз.н деп танымасақ
та, бұларда грамматикалық сипатпен бірге, түлғаларында
парадигмалық түрлену жүйесі болумен бірге лексикалық
170
(сөзжасамдық) сипат та бар екенін көрсетеді. Сондықтан
бұларды етістіктің лексика-грамматикалық категориясы деп
қарау жөн.
Ал етістіктің болымсыз түрін (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)
Ы. Маманов «етістіктің негіздері (яғни түбір етістіктер мен мо-
дификациялы етістіктер - И. С.) мен жіктелетін формаларының
(яғни етістіктің рай, шақ, есімше, көсемше түлғалары - И. С.)
шегін айыратын қосымша болып табылады»,-десе (М. Ы. -ҚҚТ,
79), А. Хасенова (Қалыбаева): «Етістіктің басқа грамматикалық
категориялары (шақ, жақ, рай, т. б.) тәрізді болымсыздық (-ма,
-ме) жүрнағы да етістік түбірінің лексикалық мәнін өзгертіп
тұрған жоқ», - деп оны таза грамматикалық топқа қосады
(X. А. - ЕЛГС, 57).
Ьолымсыз етістік көрсеткіші сырт тұлғасы жағынан
етіс, күшейтпелі етістік қосымшалары сияқты түбірдің
грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келеді, бүлардың
грамматикалық сипаты бір-біріне жақын 2-жақ бүйрық раймен
сәйкес, тікелей жіктелмейді. Семантикалық жағынан болым-
сыз етістік түлғасы түоір оілдіретін мағынаға өзгеріс ендіреді,
яғни түбір білдіретін қимылдын болуын емес, керісінше бол-
мауын көрсетеді, сөйтіп, тікелей түбір семантикасына әсер
етеді, ал, рай, шақ (есімше, көсемше), жақ тұлғалары түбір се-
мантикасына (мағынасына) ешбір әсер етпей, тіке соның үстіне
қосымша мән (грамматикалық мағына) үстейді. Міне, осын-
дай лексика-семантикалық және грамматикалық сипаттары
жағынан болымсыз етістік түлғасы рай, шақ, есімше, көсемше
тұлғаларынан гөрі етіс, күшейтпелі етістік түлғаларына жақын
болғандықтан, оны (болымсыз етістікті) да етістіктің лексика-
грамматикалық категориясы қатарына жатқызған дұрыс.
Екіншіден, етістік түбірінен, бір жағынан, грамматикалық
сипаты
өзгеше,
екінші
жағынан,
оның
семантикасы-
на (мағынасына) ешбір өзгеріс енгізбей, соның (сол түбір
білдіретін және қосымшасы бар болса, лексика-грамматикалық
171
категорияның білдіретін мағынасының) үстіне қосымша
грамматикалық қана мағына үстейтін және тікелей жіктеле ала-
тын рай, ш ақ сияқты түлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің
таза грам м атикалы қ категориясы деп аталады. Мысалы,
бар-са-м, бар-ғы-ң ке-леді; бар-сын, бар-ған-мын, бар-ып-ты
сияқты етістік формаларында бару қимылы ешбір өзгеріске
түспей, оған тек сол қимылдың болуында шарттылық, қалау,
ниеттілік, бүйрық-тілек, өткен шақтық мәндер үстелген.
Сөйтіп, етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-
грам м атикалы қ (салт-сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік
немесе көрініс, болымсыз етістік категориялары) және таза
грам м атикалы қ (рай, шақ, жақ немесе жіктеу) категорияла-
ры деп екіге бөліп қараған жөн, өйткені рай, шақ категория-
лары етістіктщ мағыналық жағынан оны өзгеріске түсірмеитін
ғана түлғасы емес, сонымен бірге етістікті басқа сөздермен
байланысқа түсіруге дәнекер болып, жіктеліп, сөйлем ішінде
қолдануға негіз болатын түлғалары.
Бірақ бүл категориялардың ішіне есімше, көсемше, тұйы к
етістік немесе қимыл атауы енбеи қалады. Өиткені бүлар
етістіктің грамматикалық категориялары емес, ерекше түрлері
болып табылады. Ал қазақ тілінің грамматикаларында, сондай-
ақ етістікке байланысты зерттеу еңбектердің көпшілігінде-ақ
есімше, көсемшелер өкінішке орай, етістіктің грамматикалық
категориялары деп беріледі. Тіпті кейбір тюркологтар етіс
көрсеткіштерін сөз түрлендіретін таза грамматикалық кате-
гория деп таныса да, етіс жүрнақтарының жаңа сөз тудыру
(сөзжасам) мәнін де ескеріп отырады (К. - ГУЯ, 245, 258 және
Ю .-СС ГБЯ, 10-11).
Ш
Түйық етістіктің немесе қимыл атауының өз мәніне сай
етістіктің грамматшсалық категориясы бола алмайтынын көру
қиын емес. Ең алдымен түйық етістік (қимыл атауы) жалпы
грамматикалық жағынан қим ы лды емес, қим ы лды ң атын,
атауын білдіреді, сөйтіп, ол семантикалық сипаты жағынан
172
етістікке емес, зат есімге жақын. Бұл қасиеті, екінші жағынан,
тұйық етістіктің (қимыл атауының) грамматикалық сипатынан
да айқын көрінеді: ол (тұйық етістік) зат есімдерше көптеледі,
тәуелденеді, септеледі, соның арқасында зат есім сияқты
синтаксистік қызмет атқарады, бірақ етістікке тән модальділік
(рай), шақтық мағына білдіре алмайды және жіктелмейді,
етістікке тән синтаксистік қызмет те атқармайды.
Әрине, есімше мен көсемшенің жайы бұған қарағанда
өзгешелеу. Бірақ есімше де, көсемше де етістіктің бір ғана
грамматикалық сипатымен, мәнімен шектеліп қоймайды. Бұл
екеуі де екі жақты мән, екі жақты қызмет атқарады. Есімше әрі
етістікше, әрі есімдерше тұрленіп екі тұрлі грамматикалық
сипатта, екі тұрлі мәнді білдіріп, яғни бірде қимылды және
соған сәйкес модальділік рай мәні мен шақтық мағынаны
көрсетіп, адъективтеніп, атрибутивтік қатынаста (немесе
сындьщ мәндегі сөздерше белгілі тәсілдермен субстантивте-
ніп те) жұмсалады. Есімшенің осындай етістікке тән емес
екінші бір мәні мен қызметі, ерекше сипаты етістіктің айрықша
бір тұрі болып табылатын есімшенің негізгі қасиеті болса да,
етістіктің грамматикалық категориялық сипаты шеңберіне
сыймайды. Бірақ есімше етістіктің грамматикалық категория-
лары сипатына бұтіндей бейтарап та емес. Өзі (есімше) етістіктің
жеке бір грамматикалық категориясы бола алмағанмен,
етістікке тән бірінші грамматикалық сипаты мен қосымшасы
арқылы тұбірге (қимылға), үстелетін модальділік, шақтық мәні
арқасында етістіктің шақ категориясының бір түрін жасауға
негіз болып, соның бір грамматикалық тұлғалық көрсеткіші
болып табылады.
Есімшенің есім мәнінде қолданысында оның етістікке
тін шақтық мағынасы солғьгадап, әйтеуір қимылға қатысты
болғандықтан және есімше тұлғалары етістік мәнінде
қолданылғанда, белгілі бір шақтық мағынаны тұрақты түрле
білдіріп отыратындықтан, ол (шақтық) мағына факультатив
173
мәнде ғана байқалады. Мысалы: Оған ерекше жағдай жасалған.
Жылтыраған шамдар, көтерілген тозаң көрінеді (Ғ. Мұстафин).
Білгенге маржан (Абай). Үяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың
(Мақал). Айырылар дос ердің артқы қасын сүрайды (Мақал).
Жомарт дәл жиналыс басталарда келді (Ғ. Мұстафин).
Бұл мысалдарда жасалған мен жылтыраған, көтерілген,
білгенге және аларсың мен айырылар, басталар деген
есімшелердің шақтық мағынаны білдіруінде үлкен ерекшелік
көрініп түр. Мысалы, айтылатын сөз айтылды дегендегі айты-
латын есімшеден нақты шақтық мәнді аңғару қиын: біріншіден,
бұл позицияда есімше дағды лы я ауыспалы келер шақты білдіру і
керек (әлі айтылмаған, бірақ айтылуға тиісті), бірақ, екіншіден,
сөйлем (ой) өткен шақтық мәнде жүмсалып тұр. Сөйтіп, есімше
есім сөздер мәндерінде қолданылғанда, категориялық сипаттан
айрылып қалады да, етістік мәнінде қолданылғанда, етістіктің
белгілі категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болады.
Сондықтан да оны бір категорияның шеңберінде ғана қарауға
болмайды да, етістіктің ерекше түрі деп атаймыз.
Көсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге үқсас, яғни
көсемше де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте
жұмсалады. Бірі - етістіктің грамматикалық сипатын көрсетіп,
қимылды білдіріп, шақ категориясын, күрделі етістікті жасауға
негіз болады. Екіншіден, есімшеден айырмашылығы - қимылды
емес, қимылдың әр түрлі сынын, амалын, белгісін, т. б білдіріп,
адвербиалданып, грамматикалық жағынан түрленбей, үстеу
қызметінде жұмсалады. Мысалы, Үйге сөйлей кіріпті деген-
де сөйлей де, кіріпті де көсемше тұлғасында түр. Бірақ кіріпті
формасы
рамматикалық
категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болса, сөйлей
дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек -й тұлғасы
апкылы ғана
Достарыңызбен бөлісу: |