Сөйтіп,
қатыстық грамматикалық
мағына
сөздердің
сөйлемде атқаратын қызметтерімен
байланысты және көбіне
контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің
синтаксистік қызметі принципіне негіз болады.
Сонымен
бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан,
грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген
үғыммен байланыстылыгын және
грамматикалық категория
деген үгымның мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын
(категориялық магына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол
морфология саласымен шектеліп қоймай,
синтаксиске де еніп
кететінін (қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп, мор-
фология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін
тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы
грамматикалық мағына же-
келеген сөз топтарыньщ семантикалық сипатын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: