Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет25/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Батырлар жыры. 
Ауыз әдебиеті - халықтың ой-санасы 
мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектеп. 
Батырлық жырлар - сол мектептің маңызды құралы. 
Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйіп, тыңдап 
ӛскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды 
армандайды. Жеке адамдардың қара бастың қамын 
ойлайтын психологиясына эпостық жырлардағы халықтық 
ойлар қарсы қойылып отырады. 
«Алпамыс» жыры - Орта Азия халықтарының ерте 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


53 
замандарда ру болып жүрген кезінде туған шығармасы. Бүл 
жырдың Орта Азия халықтарына ортақ болу себебі де 
осыдан. «Алпамыс батыр» жырының негізгі идеясы - ру 
бірлігін сақтау. Сондықтан да жырда ру бірлігін кӛздеген, 
әр рудың арасында араздық, шапқыншылық емес, татулық 
болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. 
Халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол 
ӛкпемен кӛшіп кеткен ел-жұртының бір бӛлегін қайтару, 
оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын 
кӛздейді. Алпамыс образы - халықтың руға қамқор, қорған 
болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. 
«Алпамыс батыр» жыры жас жеткіншектерге «бірлік бар 
жерде тірлік, елдік барын» аңғартады. Достыққа адалдық, 
сертке беріктік, ел мүддесін жоғары қоюшылық - жырдың 
кішкентай оқырманы үшін әрқашан да ӛнеге. Жыр ел қорғау 
жолында халық мүддесі үшін күресушілердің жеңетіндігін 
аңғарта отырып, жас ұрпақтың алдына халық үшін қызмет 
ету жолын таңдауды ұсынады. Жырдың ӛміршеңдігі де 
осынысында және ел бірлігін сақтау жӛніндегі идеясында. 
«Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландыны ерлік 
іске бастаған да, оны рухтандырған да - халық, халықтың 
намысы. Қобыландының батыр атануы - оның ел-жұртын 
адал 
ниет, 
шын 
кӛңілмен 
сүйгендігінен. 
Жырда 
Тайбурылдың шабысы ӛте әсерлі суреттелген. 
Құбылып бурыл гуледі
Табаны жерге тимеді. 
Тау менен тасты ӛрледі, 
Тӛрт аяқты сермеді, 
Құлақтың түбі терледі, 
Тер шыққан соң ӛрледі, 
Адырды кӛзі кӛрмеді. 
Кӛлденең жатқан кӛк тасты, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


54 
Тіктеп тиген тұяғы, 
Саз балшықтай иледі. 
Тайбурылдың шабысы арқылы халқы үшін кек алуға 
аттанған батырдың тасқындаған күші, ыза-намысы 
берілгендігі байқалады. Мұнымен қатар Тайбурылдың 
шабысында халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны да 
байқалады. Одан сеңгір-сеңгір таулардан бір-ақ қарғып 
ӛтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір 
күнде жететін кӛлік болуды аңсаған халық қиялы кӛрінеді. 
Жырда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да 
кездеседі. Сонымен қатар қазірде сирек аталатын 
ӛсімдіктердің аттарымен де балаларды таныстырып қалуға 
зор мүмкіндік береді. 
«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын - бір рудың ғана емес, 
бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған 
елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып 
кӛрінеді. Тарғын басқыншы жаулардан ӛзінің ел-жұртының 
елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған 
қызмет етуді мақсат етеді. 
«Қамбар батыр» жырының басты идеясы халыққа 
қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан 
туған. Егер басқа жырларда батыр образы кӛбінесе бірден 
оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы 
жасалса, 
олардан 
Қамбар 
образының 
елеулі 
бір 
айырмашылығы бар. Халық жыры оны еңбекші халыққа 
қызмет еткен еңбек ері деп кӛрсетеді. Бұдан халықтың ел 
қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да 
ардақтайтындығы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет