Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата26.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#133457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Пирлс

1.
 
PIRLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ 
 
Оқу сауаттылығын бағалайтын Халықаралық салыстырмалы
PIRLS – (Progress in International Reading Literacy Study) зерттеуін 
Оқушылардың білім 
жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық 
қауымдастық IEA (International Association for the Evaluation of 
Educational Achievement) жүзеге асырады. 
Зерттеу жобасын жүргізу жəне оның материалдарын әзірлеуге 
əлемнің көптеген алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу орталықтары: 
Білім беру саласындағы тестілеу қызметтері (АҚШ), Канадалық 
Статистика Орталығы (Statistics Canada), Халықаралық білім 
жетістіктерін бағалау жөніндегі қауымдастық мəліметтерін өңдеу 
орталығы (Германия), Халықаралық орталық – Бостон колледжі (АҚШ) 
қатысады. Бұндай мекемелердің қатысуы мектеп оқушыларының оқу 
жетістігін бағалаудағы педагогикалық өлшеудің эксперименттік жəне 
апробациялық халықаралық стандарттары негізінде PIRLS зерттеу 
жұмысын жоғары сапада ұйымдастыруға жəне өткізуге жол ашады. 
PIRLS зерттеуінің мақсаты əртүрлі 
əлем елдерінің бастауыш 
сыныптарының мəтінді түсіну деңгейлерін сəйкестендіру жəне ұлттық 
білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау 
болып 
табылады. 
Аталмыш зерттеу халықаралық сарапшылардың тұжырымдауы 
бойынша «Оқу сауаттылығы» - бұл адамның өмірде толыққанды 
қалыптасуына жəне жеке мақсаттарына жетуіне қажетті əртүрлі 
жазбаша және сөйлесу формасын түсінуі мен терең ойлау, өз 
мақсаттарына жетуі мен өмірде толыққанды жетістікке жету қабілеті 
деп көрсетіледі. Соның негізінде адамзат жəне қоғам үшін білім 
саясатында басты принциптерді қалыптастырады.
PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: 

Білім беру саласында əлемдік басымдылықтарда көрініс 
тапқан құралдар 
негізінде алынған нəтижелердің талдауы 
нақты өлшеуіштермен белгіленуі; 

Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы жəне олардың 
тиімділігі; 

Зерттеу 
қорытындысына 
əсер 
ететін 
контекстегі 
дəйектемелерді анықтау; 

Ғылыми дəлелденген əлемдік ақпараттық қауымдастықтың 
мəліметтерін алу; 




Тəуелсіз елдер нəтижесін, сонымен қатар білім саясатын 
жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсыну. 
Зерттеу нысаны бастауыш сынып түлектерінің оқу жетістіктерін 
анықтайды, себебі оқытудың алғашқы 4 жылы нақты барлық білімді 
жəне үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны жəне формат 
бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте əртүрлі 
мəтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып 
үйрену керек. 
Зерттеу бес 
жылда бір рет өткізіледі жəне қазіргі уақытқа дейін үш 
циклы өтті - 2001, 2006 жəне 2011 жылдар. PIRLS зерттеуіне əлемнің
50-ден астам елдердің қатысуы зерттеуде мамандандырылған ұйым 
деңгейінде жоғары әдістемелік жəне техникалық қамтамасыз етілді. 
Көрсеткіштер мағынасын түсіндірудің жан-жақтылығы жəне 
сенімділігі алынған істің жедел жиынтығының жəне өңдеуінің жарыққа 
шығуына көмектеседі. 
PIRLS зерттеуіне қатысушылардың сапалы таңдауы халықаралық 
координациялық орталық жоспарына сəйкес өткізіледі. Аумағы үлкен 
елдер əкімшілік бөлініске қатысты страталарға бөлінеді. Жергілікті 
іріктеуді жүргізу үшін əрбір аймақтан зерттеуге қатысатын 
оқушылардың жалпы саны туралы мəліметтер жинақталады. 
Аймақтар мен мектептердің жиынтық тізімдерінде оқушылардың 
сандары көрсетіледі. 2015 жылы елімізде өткізілген апробациялық 
зерттеуге 34 мектептен 1388 4-сынып оқушылары қатысты. 
Негізгі тестілеуге қатысушыларды 
іріктеу бірнеше кезеңдерден 
тұрады. Қатысушы елдердің Ұлттық 
үйлестірушілері бастауыш мектеп 
тізімдерін (қалалық, ауылдық) Халықаралық координациялық 
орталыққа жібереді. Арнайы бағдарлама көмегімен «кездейсоқ іріктеу 
əдісін» пайдалана отырып, əр елден 150-ден астам мектеп таңдалады.
Халықаралық сарапшылармен зерттеуг
е қатысуға іріктеліп 
алынған 4-сынып оқушыларының тізімі сынып журналына толығымен 
сәйкес келуі қажет және Ұлттық үйлестірушіге жібереді. 
4-сынып оқушыларының тізімі арнайы WinW3S базасына енгізіліп, 
Халықаралық координациялық орталыққа жіберіледі. 4-сынып 
оқушыларының жалпы есебі бойынша шамамен 4000 оқушыдан 
зерттеуге қатысушылардың ұлттық іріктеуі қалыптастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет