7
1.1.
Зерттеу жүргізудің стандарты жəне тəртібі
PIRLS зерттеуі жобаға қатысушы барлық елдерде зерттеуді өткізу
технологиясы стандарттары бірдей сақталуы үшін координациялық
орталықпен дайындалған бірыңғай нұсқаулықтар мен ережелерге
сəйкес қатаң түрде жүргізіледі. Халықаралық сарапшылар зерттеудің
əрбір кезеңін (
іріктеуді жүргізу, құралдарын аудару мен бейімдеу,
тестілеу мен сауалнаманы жүргізу, тексеру мен мəліметтерді өңдеу)
бақылайды. Мысалы, ел ішінде өткізілген тест тапсырмалары мен
респонденттер
сауалнамасының
аудармаладының
түпнұсқамен
сәйкестілігін бағалау үшін қосымша тексеруге халықаралық
сарапшыларға жолданылады.
Əр аймақтағы ұлттық координатор облыстық білім Басқармасы
тарапынан тағайындалған координаторымен ұйымдастыруға жəне
зерттеуді жүргізу туралы жауапкершілікке келіседі. Іріктеу барысында
əр мектепте зерттеуге жауапты мектеп үйлестірушісі тағайындалады.
Мектеп үйлестірушісі зерттеуге қатысатын сыныпта сабақ жүргізбейтін
тəжірибелі маман-педогогтардан
таңдалып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: