296
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі және
қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы
болып
табылады. Сондықтан да аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең
бастысы әлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызды.
Қазіргі
экономика
жағдайында
Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік-
экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің,
әсіресе ауыл шаруашылығының
тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта
құрылуын талап етеді. Экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады.
Әсіресе Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын
аса маңызды стратегиялық
қызмет саласы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар
аударылды [1].
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кәсіпорындары
шаруашылық механизмнің
жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының
(тұтынушылардың іс- әрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда
болуы т.б.) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан
тұрақсыз шарттарда әрекет етуде. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін
тиімді жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулер өзекті мәселелердің бірі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: