298
Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті дамыту үшін келесідей шаралар
кешенін қалыптастыру қажет:
аграрлы сектор экономикасын ұйымдық-құқықтық объект ретінде қалпына
келтіру керек, сонымен қатар ауыл шаруашылық министрлігінің құзыретін
ұйымдастырушы және координаторлық рөлін жоғарылату;
аграрлық секторды қаржыландыру кезінде республикалық бюджеттен
бөлінген қаражаттарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қажетті түрде тиімді
қолдану жұмыстарын орындау, сонымен қатар бюджеттің мүмкіншілігіне қарай
реттеу;
ауыл шаруашылығын дамыту барысында қаржылық тұтқаларды іс-
тәжірибеде қолдану шараларын жетілдіру қажет, олардың қатарына ауыл
шаруашылық саласында несиелік серіктестіктерді құру және ауыл шараушылық
тауарлар өндірушілерін мемлекеттік несиелендіру жұмыстары жатқызылады;
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қызметін жақсартуда бюджеттік
көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және солардың маңайында басқа да
кәсіпорындарды ашу жұмыстарын қарастыру;
аграрлы секторды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жұмыстарын әрі
қарай жалғастыру, яғни, қайтару қорларын қалыптасыру арқылы қаржыландыру;
лизингтік қор құру, жеңілдетілген несие беру қоры, республикалық және
аймақтық жерлерде азық-түлік қорларын құру.
Достарыңызбен бөлісу: