Химия және жаратылыстануды табысты оқыту түрлері мен тәсілдері
Оқу үдерісінің тиімділігі көп жағдайда сабақ барысында оқушылардың танымдық
белсенділігін дамытатын және оқу үдерісін күшейтетін оқыту түрлері мен тәсілдеріне
байланысты болады.
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндерін оқыту тәжірибесінде сабақ, конференция,
дәріс, практикум, экскурсия, қосымша факультативтік сабақтар арқылы оқыту түрлері және
келесі тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелеу, әңгіме, кітаппен жұмыс істеу, бақылау,
эксперимент, экрандық оқу құралын көру, тәжірибелік жұмыс. Сонымен қатар қазіргі кезде
сабақтарда модельдеу әдістері, ойша модель құрастыру, математикалық модельдеу әдістері де
кеңінен қолданылады (Лакоба С.Е. және басқа авторлар, 2011).
Сабақ
– сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады. «Химия»
және «Жаратылыстану» пәндерін оқуда сабақтың келесі түрлері қолданылады: жаңа білімді
игеру сабағы, білімді тәжірибеде қолдану сабағы, өткен тақырыпты пысықтау және қайталау
сабағы, білімді бақылау және жинақтау сабағы, аралас сабақ. Сабақтың түрі сабақтың
дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық
оқу жұмысы арқылы оқыту түрлері сабақтың барлық түрлеріне ортақ болып табылады:
жеке – оқушының тапсырманы өздігінен орындауы;
жұптық – «оқушы-оқушы», «мұғалім-оқушы» режіміндегі жұмыс;
топтық – топ мүшелерінің санына қарай шағын топтағы (3-5 адам) жұмыс және жалпы
сыныптық жұмыс (бүкіл сынып) түрінде өтуі мүмкін, мұнда барлық оқушы бір
тапсырманы (тақырыпты) немесе оның бір бөлігін орындайды;
ұжымдық, яғни құрамы ауысып отыратын жұптардағы жұмыс, мұнда әр оқушы жеке
тақырыпты немесе тапсырманы орындайды және әр серіктесіне оны түсіндіреді.
«Химия» пәні бойынша заманауи сабақ келесі талаптарды қанағаттандырады:
-
химия ғылымының соңғы заманауи жетістіктерін және алдыңғы қатарлы
педагогикалық
тәжірибелерді
қолдану,
сабақты
оқу-тәрбие
үдерістерінің
заңдылықтары негізінде құрылымдау;
-
химияны оқытуда кіріктірілген бағыттарды ескеру: пәнішілік және жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы басқа оқу пәндерімен
пәнаралық байланысты ұйымдастыру;
-
оқу материалын өмірмен байланыстыру, химиялық заттар және материалдармен,
химиялық процестермен қауіпсіз байланыс жасау мәдениетін қалыптастыру;
-
сабақтың түсінікті болуын эстетикалық және эмоционалдық тұрғыда жарқын, қызықты
теориялық және эксперименталдық айғақтармен қамтамасыз ету;
-
сабақтың оқушыға бағытталған басымдықтарын көрсету;
-
әрбір сабақты мұқият жоспарлау, құрылымдау және күтілетін нәтижені жоспарлау, т.б.
Пәндерді оқытуда ә
Достарыңызбен бөлісу: |