Өздік жұмыс әдістері Өздік жұмыс – бұл мұғалімнің бақылаумен қалыптасатын іс-әрекеттері мен операциялардан
тұратын, оқушылар қызметінің түрі. Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру оқытуға
зерттеу сипатын береді. Бұл әдістерге кітаппен жұмыс, эксперимент жасау және бақылау,
оқушылардың графикалық жұмысы, оқытудың техникалық құралдарымен жұмыс, жаттығулар
орындау және есептерді шешу жатады.
Оқушылардың э
ксперименттік жұмысы оқытуда айрықша орын алады, пәнге
қызығушылықты арттырады, оқудың мазмұнын кеңейтеді. Оқушылардың өздік жұмысы
әсіресе зертханалық сабақтарда белсенді өтеді, мұнда әңгімелесу әдісі оқушы
экспериментімен үйлесім табады. Мысалы, «ерігіштік» ұғымын зерделеу кезінде
оқушылардың калий нитраттарының, кальций-гидроксидінің және шынының ерігіштігін
зерттеу бойынша эксперименттік жұмыстары оларға барлық заттарды жақсы еритін, аз еритін,
19
мүлде ерімейтін деген топтарға бөлуге болады деген өзіндік қорытынды жасауға мүмкіндік
береді. Мұнда мұғалімнің рөлі эксперименттік жұмысты басқаруға, зерттеу мақсаттары мен
міндеттерін қою арқылы анықталады.